282
МЕМСТ 2.108-68 «ҚҚБЖ. Сипаттама», мұнда жинау бірлігінің,
кешенінің және жинақтамасының құрамын анықтайтын негізгі
құрылымдық құжатты орындау ережелері бар;
МЕМСТ 2.112-70 «ҚҚБЖ. Түпнұсқасын ұстаушылардың
тізімдемесі» түпнұсқасын ұстаушылардың (ТҰ) атқару ережелері
мен формаларын орнатады. Бұл құжаттың болуы құрылымдық және
сілтеме құжаттары сақталған ұйымдарды анықтауға мүмкіндік
береді;
МЕМСТ 2.114-70 «ҚҚБЖ. Техникалық шарттар» орынсыз
басқа құрылымдық құжатта көрсететін, бұйымға, оны дайындауға,
бақылауға, қабылдау мен жеткізуге қойылатын барлық талаптарды
(барлық
көрсеткіштердің,
нормалардың,
ережелер
мен
қағидалардың жиынтығы) реттейді.
Бірінші топқа сонымен қатар жалпы құрылымдық белгілерге ие,
бірақ құрылымдық құжаттар санын біршама қысқартуға, оларды
дайындау үшін жасалатын бұйымдар мен технологиялық
жабдықтардың
кең
үндесуін
жүргізуге,
сонымен
қатар,
мамандандырылған өндірісті ұйымдастыруға мүмкіндік беретін
бірқатар айырмашылықтары бар, екі немесе одан да көп бұйымдар
(тетіктер, жинаушы бірліктер, кешендер мен жинақтамалар) туралы
мәліметтер бір құрылымдық құжатта болу мүмкіндігін анықтайтын
МЕМСТ 2.113-75 «ҚҚБЖ. Топтық және негізгі құрылымдық
құжаттар» кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: