Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет120/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Технологиялық 
құжат 
және 
оның 
құрамы

Технологиялық құжат технологиялық үдерісті, мысалы, жартылай 
өткізгіш құрал немесе интегралды микросызбаны дайындауды 
сипаттайтын графикалық және мәтіндік құжаттар жинағын береді. 
Онда технологилық үдерісте қолданылатын операциялар, амалдар 
және оларды орындау бойынша нұсқаулар бар. 
Технологиялық құжат өндірістік операцияларды орындау кезіндегі 
негізгі құжат болып табылады. 
Технологиялық құжаттардың мазмұны және орындау ережелері 
жасауғ рәсімдеу және өнімнің жинақтылығын қамтамасыз ететін 
ережелер мен қағидаларды орнататын мемлекеттік стандарттар 
жинағын көрсететін Технологиялық құжаттың бірыңғай жүйесі 
анықтайды. ТҚБЖ негізгі тағайындалуы оларды қайтадан 
рәсімдемей-ақ өзара алмастыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін 
технологиялық құжаттарды орындаудың бірыңғай ережелерін 
барлық кәсіпорындарда орнатудан тұрады. 
Технологиялық 
құжаттар 
жинақтамасына 
бағдарлы 
карта, 
операциялық карта, бақылау картасы, технологиялық нұсқаулық


283 
эскиздер картасы және сызба кіреді. 
Бағдарлы 
картада
нақты 
бұйымның 
жасалуының 
технологиялық үдерісі бар, барлық операциялар бойынша олардың 
жылжу ретін ашады, қажетті құрылғылар мен жабдықтар, сонымен 
қатар, материалдық және еңбек нормативтері туралы деректер бар. 
Бұл карта міндетті құжат болып табылады. 
Операциялық және бақылау карталарының
құрамында 
құрылғыларға, 
жабдықтарға, 
құралдар, 
материалдарға 
қолданылатын жұмыс режимі көрсетілген технологиялық үдерістің 
нақты операциясының сипаты бар. Операциялық картада аталған 
операцияны орындау кезінде сақтауға тиісті сақтық шаралары, 
өндіріс пен энергия тасымалдағыштар жағдайларына қойылатын 
талаптар көрсетіледі, жұмыстың басталуы мен үзіліске жұмыс 
орнының дайындығын сипаттайды, аталған операцияның өзіне тән 
ерекшеліктері көрсетіледі (мысалы, тораптар мен тетіктердің 
операция аралық сақталу мерзімі, химиялық өңдеу кезеңділігі және 
т.б.). 
Операциялық картаға операцияны толықтыратын және 
түсіндіретін эскиздер мен сызбалар картасы, сонымен бірге
технологиялық нұсқаулық, яғни жұмысты өзіне тән сипаттарының, 
технологиялық үдерісті бақылау әдістемесі, құрылғыны немесе 
құралды пайдалану ережелерінің сипаты қоса тіркеледі. 
Технологиялық құжат уақытты, еңбекті, материалдарды 
неғұрлым аз жұмсаумен бұйымды дайындауды қамтамасыз етуі 
және өндірістің неғұрлым озық және үнемді түрде ақталған 
әдістерін пайдалануды анықтауы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет