Трассада
түрлі
кабельдердің
жоғарғы
және
төменгі
нүктелерінің орналасу деңгейлерінің максималды мүмкін
айырмашылығы, м
Кабель
Қабықшада
қорғасын
алюминий
Қалыпты
қаныққан
қағаз
оқшаулауышы бар:
брондалған
25
25
брондалмаған
20
25
Жалпы
қабықшадағы
лентамен
брондалған азайған-қаныққан қағаз
оқшаулауышы бар
100
шектеусіз
Сондайжеке қорғасынмен қапталған
тарамы бар
300
сондай
Ақпайтын сіңіруі бар
Шектеусіз
Поливинилхлоридті және резиналы
оқшаулауышы бар
Сондай
Ескерту: 1. Кестеде келтірілген мәндер арнайы құрылғылар
қолданылмаған жағдайларға тән, мысалы, эпоксидті немесе
тоқтатқыш муфталар.
Алдын ала қаныққан қағаздан жасалған алюминий қабықшасы және
оқшаулауышы бар 1 кВ кернеуге есептелген кабельге арналған
312
деңгей айырмашылығы шектелмейді.
Кестеде көрсетілген мәндер және кабельдің қалыпты
жүктемесі кезінде ақырғы муфталардан және оның жеке
бөліктерінің бітегіштерінен қаныққан қоспаның ағуы болмауы
керек (10.2 кесте). Кестеде келтірілген мәндерді сақтау қажеттілігі
кабельде жүріп жатқан үдерістерге шартталған.
Тарамды тоқпен қыздырған кезде кабель қаныққан
қоспаның сұйылуы және қайтып келмес алмасуы жүреді. Кабель
құрылымына кірген барлық материалдардың ішінде қаныққан қоспа
ең үлкен көлемді кеңею коффициентіне ие, сондықтан да
қыздырған кезде қабықшаның созылуы мен оның көлемінің
артуына алып келетін артық қысым береді. Бұдан басқа, иілген
немесе тік салынған кабельде ауырлық күшінің әсерінен қаныққан
қоспаның ағуы жүреді, яғни кабельдің төменгі бөлігінде қаныққан
қоспаның артық мөлшері жиналады, ал жоғарында газ
қосылыстарымен толтырылатын бос орындар түзілуі мүмкін.
Нәтижесінде кабельдің жоғарғы бөлігінде оқшаулау нашарлайды,
ал төменгісінде қысым өседі, яғни созылу және тіпті оның
қабықшасының жарылу қатері туындайды.
Тек формула негізінде әрбір кабель қимасы үшін жылулық
есепті орындау оқшаулау шартына, сыртқы жағдайлар мен кабель
ұзындығы бойынша оның тұрақсыздығынан Котд жылу берудің
меншікті коэффициентіне тәуелді тым қиын. Сондықтан да есептеу
кезінде кабельдегі ұзақ мерзімге рұқсат етілген тоқ жүктемелерінің
кестесін пайдаланады. Осы кестеге сәйкес тоқтың мүмкін
тығыдығы 1 / S қиманың артуымен кемиді, бұл жылу берудің
меншікті бетінің кемуінің салдары болып табылады.
Кабельдің қимасын есептеу (4.1 бөл.қар.) келесі тәртіпте
жүреді. Алдымен қима кернеудің мүмкін жоғалуы негізінде
анықталады және нәтижесі жуық стандарт мәнге дейін
дөңгелектенеді. Содан соң қыздыру шарты бойынша тексеру үшін
тоқ жүктемесінің сәйкес кестесі бойынша қиманы алу үшін тоқ
күші табылады. егер осы кестеде келтірілген тоқ күші кернеу
жоғалуы бойынша жүргізілген есеп үшін үлкен болса, онда есепте
кезінде алынған қиманы таңдауға болады. Егер кесте бойынша
табылған тоқ күші есептіктен кем болса, онда ол кесте талабына
сәйкес келуі үшін қиманы соншалықты арттыру қажет.
Электрлік кабель желілері туралы бірнеше сөздер айтып
кетсек. Жұмыс кернеуіне тәуелді электр желілері 1000 В дейін
желіге, әдетте бұлар төмен кернеулі (ТК) желі деп аталады және
313
жоғары кернеу (ЖК) аталатын 1000 В жоғары желіге бөлінеді. Өз
кезегінде жұмыс жағдайында шамалы айырмалышықтарын ескеріп,
соңғыларын 35 кВ дейін кернеулі желіге және көп жағдайда
қоректендіруші болып табылатын 35 кВ жоғары кернеулі желіге
бөлу қабылданған, яғни трансформаторлы станция немесе
таратқыш пункттермен электр энергиясы көздерін жалғайды және
энергияны таратпастан жеке тұтынушылардың желілері бойына
береді.
Кабельді қоректендіруші желілерді егер олар 220 кВ дейінгі
кернеуге есептелген болса ауа қоректендірші желінің орнына салуға
жол беріледі. Осындай желілер үшін қысымы не бейтарап газы бар
минералды маймен толтырылған арнайы кабельдер қолданылады
(өткізілетін тарам сымдары олардаа ішінде майға арналған каналы
бар бос болат спиральді қамтиды). Бұл май тарамның қағаз
оқшаулауышынан ылғал көпіршіктерін немесе ауаны ығыстырады.
Кабель желілері атмосфералық электр әсерінен тыс
орналасқан, сыртқы механикалық әсерлерден қорғалған, адамдарға
қауіпсіз және жер бетінде орынды қажет етпейді. Бірақ 60 кВ және
одан жоғары кернеуге есептелген осындай желілердің құны ауа
желісінің құнынан бірнеше есе көп, сондықтан олар тек желілерді
жабдықтау шығыны оның өзіне тән артықшылықтарымен ақталған
жағдайда ғана төселеді.
1000 В жоғары, бірақ 35 кВ артық емес кернеу желісі
жоғары кернеудің таратқыш желілері болып табылады. Олар
таратқыш және трансформатор пункттерімен (ТП) қоректендіру
орталығы (ҚО) ретінде қызмет ететін 110...510 кВ кернеуі бар
энергия жүйесі станцияларын байланыстырады. Соңғылары 1000 В
кем емес кернеуі бар желілерді қоректендіреді. 1...35 кВ кернеуі бар
желілер үшін айтарлықтай арзан және май толтырылған кабельдерді
пайдалану оңай болатын қағаз оқшаулауышы бар кабельдер
қолданады. Жоғарыда келтірілген себептер бойынша көп жағдайда
қалаларда таратқыш желілер кабельдік. Ғимарат ішінде кабельдер
арнайы каналдарда еден астына төселеді, бірақ ғимарат астына
кабельдерді төсеуге тыйым салынған. Үлкен қалаларда электрлік
таратқыш желілерді арнайы жер асты туннелдерінде орнатады.
314
Жалпы пайдаланудағы төмен кернеулі таратқыш желілер 380/220 В
кернеудің үш фазалы төрт сымды сызбасы бойынша орындалады.
Олар үшін ғимараттарда орнату сымдары мен баусымдарды
пайдаланады; соңғылары түрлі электр энергиясын тұтынушыларды
– электр қозғалтқыштарды, тұрмыстық электр құралдарын жалғау
үшін қызмет етеді. Тоқ өткізгіш тарамдар орнату сымдарымен
оқшауланған, алюминий немесе мыс, көп сымды қимасы 16 мм
2
және одан жоғары. Негізінен сым тарамдарын оқшаулау үшін
полихлорвинилді
немесе
резина
түтіктерді
пайдаланады.
Поливинилхлорил пластикаты жанбайды, май төзімді, су төзімді
және ауа әсерінен қорқады. Поливинилхлоридтің кемшілігі – аяз
төзімділігі аз (-35 °С) және жеткіліксіз жоғары жылу төзімділік (65
°С).
Поливинилхлоридті оқшаулауышы бар сымдар сыртқы
қорғаныш қабықшасын қажет етпейді. Олар ашық төсем үшін,
сонымен қатар, сылақ асты мен құбырлардағы төсемдер үшін
тағайындалған. Осы сымдар үшін мүмкін жұмыс кернеуі айнымалы
тоқ кезінде – 500 В дейін, тұрақты тоқ кезінде – 1000 В дейін.
Резиналы оқшаулауыш құбырды әдетте химиялық түрде
мысқа әсер ететін ысытылған резинадан дайындайды, сондықтан да
мыс тарамдарды тарылту керек. Механикалық зақымдардан қорғау
үшін резиналы оқшаулауыш сым мақта-маталы немесе жібек жіптен
жасалған орағышпен жабдықталады. Орағыш ауа үшін оны
өткізбейтін ететіндей асфальтталуы мүмкін. Орағыш орнына жіптен
қалыңдығы 0,2; 0,3 мм поливинилхлоридті қабат қолданылады, ол
жарық пен химиялық әсерден резиналы оқшаулауышты қорғайды.
Кабельді төсеуді қолданыстағы техникалық ережелер мен
талаптарға сәйкес жүргізеді, оларды сақтау дайындау кезінде қол
жеткізілген кабельдің электрлік және механикалық төзімділігін
сақтауды қамтамасыз етеді.
Электр энергиясының кәріз жүйесінің басқа құрылғылары
сияқты кабель желілерін құрастыру екі сатыда жүзеге асады:
кабельдерді төсеу үшін трассаны дайындау және дайын трассаларға
кабельді төсеу.
Кабель желілерін төсеген кезде жақын ғимараттар, жер асты
құрылыстарына және түрлі байланыстарға (су құбыры, газ құбыры,
кәріз жүйесі, жылу құбыры және т.б.) дейін минималды қашықтық
жобасына сәйкес ұстау керек.
Кабель желілері жерге, блоктарға, тіректі құрылымдарға
төселеді. Жерге кабель желісін төсеген кезде кабельді салу тереңдігі
0,7 м құруы тиіс. Кабель мен ғимараттың іргетасы арасындағы
10.3 кесте
315
қашықтық 0,6 кем болмауы керек.
Бірнеше күш кабельдерін параллель төсеген кезде олардың
арасындағы қашықтық 100 мм кем, ал күш кабелі мен байланыс
кабелі арасындағы 500 мм болуы керек.
Кабельді құбыр желісіне параллель тігінен төсеуге жол
берілмейді. Кабельдерді олардың арасындағы қашықтық 0,5 кем
болмайды деген шартпен көлденең жазықтықта құбыр желісіне
параллель төсейді. Кабельдерді мұнай желісі мен газ желісіне
параллелль төсеу кезінде олардың арасындағы қашықтық 1,0 м кем
болмауы тиіс.
Құбыр желісінен көрсетілгеннен қашықтығынан кем
орналасқан кабельдер (0,25 м кем емес) бүкіл қашықтық бойында
асбестцементті немесе қыш құбырмен қорғалуы керек.
Жылу желісімен параллель төселетін кабельдер соңғысынан 2 м кем
емес қашықтықта жою керек. Бұл қашықтық аз болуы мүмкін, егер
құбыр желісі кез келген жыл мезгілінде 10 °С артық емес әдеттегі
температурадан аспайтын жерде топырақты қыздыру кезінде
осындай оқшаулауышқа ие болса.
Құбыр желісін қиып өтетін кабель соңғысынан 0,5 м кем
емес қашықтықта болуы керек. Сонымен бірге, қиылысу және шеткі
кабельден әрбір жағына 2 м учаскесіндегі жылу құбыры 10 °С артық
жоғарғы жазғы және 15 °С қысқы температурадан аспайтын
топырақ температурасы кезіндегі оқшаулауышы болуы керек.
Электрленген және теміржолмен электрлендіруге лайықты
қима кезінде кабельдерді оқшаулауыш блоктар мен құбырларға
төсеу қажет. Сонымен бірге, қиылысы орны нұсқар, табан ағаш
және трамвай желілерінің қоректенуші кабельдеріне рельстердің
жалғану орны мен электрленбеген темір жол қашықтығы 3 м кем
емес, ал электрлендірілген темір жол 10 кем емес болуы тиіс.
Құбыр желісінің кабель желісінің қимасы кезінде (оның ішінде
мұнай және газ) олардың арасындағы қашықтық 0,5 м кем болмауы
керек. Егер кабель әрбір жағында 2 м кем емес шығып тұратын
асбестцементті немесе қыш құбырмен қорғалған болса, осы
қашықтықты 0,25 дейін кемітуге болады.
Мүмкін механикалық зақымдаулардан анағұрлым сенімді
қорғау үшін кабельдерді кабель блоктарына төсейді, яғни
кабельдерге арналған каналдары бар ғимараттар. Әдетте кабель
блогы бірнеше асбестцементті құбырлардан тұрады, олардың ішкі
диаметрі кабель диаметрінен 1,5 есе көп (бірақ 5 м дейін құбыр
ұзындығы кезінде 50 м кем емес және құбырлар ұзын болғанда 100
мм кем емес). Кабельдердің блоктык төсемі үшін қыш құбырлар
316
қолданылады. Кабель блоктарының құбырлары көлденең немесе тік
бір немесе бірнеше қатарға орналасуы мүмкін. Кабель блогы
ретінде диаметрі оларға кабельдің орналасуына есептелген
каналдары бар темірбетонды тақталар пайдаланыла алады.
Кабельдің блоктық төсемдерінің біршама кемшіліктері бар:
ғимараттың жоғары құны және блок пен құдықтың болуы;
салқындатудың нашар жағдайларынан тоқтың қажетті тығыздығы
бойынша тоқ өткізгіш тарамдардың қималарын максималды
пайдалану мүмкіндігінің болмауы;кабельдерді жөндеу мен қызмет
көрсетуінің қиындығы (олар зақымдалған кезде блок ішіндегі
құдықтар арасындағы кабельдің барлық учаскелерін ауыстыруға
тура келеді).
Ғимарат
ішінде
өнеркәсіптік
кәсіпорындардың
қоректендіруші жарықтандыру және күш электр қондырғыларына
ең кең таралған әдісімен кабельді төсеу оларды тірек құрылымы
немесе тартпаға төсеу болып табылады.
Бір тартпаға жарықтандыру жүктемесімен қоректенетін кабельді,
күш жүктемесімен қоректенетін кабельді бірге төсеуге жол беріледі,
бірақ олардың арасындағы болат ажыратқыштарды немесе
ажыратқыш тоғындарды пайдаланады.
Аталған әдістің кез келгенімен кабельді төсеу кезінде
оларды бұрудың шекті радиустарын сақтау қажет. Брондалған
немесе брондалмаған, алюминий немесе қорғасын қабықшадағы
қағаз қаныққан оқшаулауышы бар көп тарамды кабельді бұру
радиусы оның сыртқы диаметрінің 15 кем болмау керек;
брондалған, қорғасын немесе поливинилхлоридті қабықшадағы
резиналы оқшаулауышы бар көп тарамды кабел
ь – 10 кем емес, ал
осындай брондалмаған кабель – 6 кем емес болуы тиіс.
Әрбір кабель желісі таңбалану керек, яғни кабельдің әрбір
жалғастырғыш мен бітеуішінде сонымен қатар, әрбір 20 м сайын
желінің тік учаскелерінде бекітілетін нөмірі немесе атауы бар
биркалары болуы керек. Бирка – бұл пластмасса, алюминий немесе
болат пластинкалар (дөңгелек – диаметрі 75 мм; тік бұрышты – өлшемі
120x40 мм).
10.3 кесте
317
Достарыңызбен бөлісу: |