Сіби білім беру


 –тарау. 1 КВ КЕРНЕУГЕ ДЕЙІНГІ КАБЕЛЬ ЖЕЛІЛЕРІН



Pdf көрінісі
бет132/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

10 –тарау. 1 КВ КЕРНЕУГЕ ДЕЙІНГІ КАБЕЛЬ ЖЕЛІЛЕРІН 
ҚҰРУ ЖӘНЕ ҚҰРАСТЫРУ 
 

10.1. Кабель және кабель желілері туралы негізгі мәліметтер
Кабельдерді күш және бақылау деп бөледі. Бұдан басқа, 
арнайы тағайындаудағы кабельдер шығарылады, мысалы, тау 
өңдеуге. 
Күш кабельдері электр энергиясын беру мен тарату үшін 
қызмет етеді және 0,66; 1; 3; 6; 10 кВ және одан жоғары кернеуге 
дайындалады. Олар қорғасын немесе алюминийден (МЕМСТ 
18410—73) жасалған қанықтырылған қағаз оқшаулауыштан және 
саңылаусыз қабықшадан, ағылмайтын құраммен қаныққан қағаз 
оқшаулауыштан (МЕМСТ 18409 — 73), резина оқшаулауыштан 
(МЕМСТ 433 — 73) және пластмасс қабықшадағы пластмассалы 
оқшаулауыштан (МЕМСТ 16442-80) болуы мүмкін. 
Күш электр кабелі 1 тоқ өткізгіш тарам, 2 және 4 
оқшаулауыштан, 5 саңылаусыз қорғаныш қабықшадан және 6, 7, 8 
қорғаныш жамылғылардан тұрады (10.1 сурет). 
Тоқ өткізгіш тарам ММ маркалы жұмсақ мыстан немесе АТ 
маркалы алюминийден жасалады. Тарамдардың қиылыстары 
дөңгелек, сегментті және секторлы болуы мүмкін. Стандартпен 
келесі өлшемдегі күш кабельдерінің тоқ өткізгіш тарамдарының 
қималары қарастырылған: 1,5; 2,5; 4, 6; 10; 16; 25; 35; 50; 70; 95; 
120; 150; 185; 240; 300; 400; 500; 625 және 800 мм2. 
Мыс және алюминий тоқ өткізгіш тарамдар бір сым темірлі және 
көп сым темірлі етіп жасайды. Мыстан жасалған бір сымды 
тарамдардың қимасы 50 мм
2
дейін, ал алюминийден 240 мм

дейін 
болуы мүмкін. бір сымды тарамдары бар кабель маркаларында 
қосымша (бт) көрсетіледі. 
Күш кабельдерінің бір, екі, үш және төрт тарамдары болуы 
мүмкін. төрт тарамды кабельдерде барлық тарамдарда қималары 
бірдей немесе бір тарамның қимасы аздау болуы және нөлдік 
немесе жерге тұйықтаушы ретінде қолданылуы мүмкін. 
Электр қондырғыларын электрмен жабдықтау үшін үш тарамды 
және төрт тарамды кабельдер пайдаланады: біріншісі – үш фазалы 
жүйелерде 
қоректендіруші 
трансформатордың 
оқшаулауыш 
нейтраль желісімен, екіншісі – тұйық жерге тұйықталған нейтралі 
бар 380/220 В кернеулі үш фазалы жүйелерде. 
Көптеген жағдайларда жарықтандыру қондырғыларының 
қоректенуі тұйық жерге тұйықталған нейтралі бар электр 


305 
жабдықтамасының үш фазалы жүйесінен жүзеге асады 
10.1. сурет. ААБ маркалы үш тарамды күш кабелі
1 — алюминий тоқ өткізгіш тарам; 2 — тарам оқшаулауышы; 3 — қағаз 
толтырғыш; 4 — белдік қағаз оқшаулауыш; 5 — қорғаныш алюминий 
қабықша; 6 — қабықшаның қорғаныш жамылғысы (жастықша); 7 — екі 
болат таспадан жасалған бронь; 8 — сыртқы қорғаныш жамылғысы. 
және төрт тарамды кабельмен жүргізіледі, оның бірдей қималы үш 
тарамы тоқ өткізгіш, ал төртінші тарам біршама аз қима нөлдік 
болып табылады. 
Күштік кабельдерін оқшаулауды резинадан, пластиктен 
және неғұрлым жиірек қаныққан кабель қағазынан жасайды. 
10 кВ дейінгі кернеулі күш кабельдерінде әрбір тарамды жеке 
(тарам оқшаулауышы) және барлық тарамдарды қабықшасына 
қатысты (белдік оқшаулауыш) 
бірге 
оқшаулайды. 
Оқшауланған тарамдар арасындағы аралықтарды қағаз бұраумен 
(толтырғыш) толтырады. 
Ауа қосылыстарының болуымен шартталатын кабельдерде 
электр өрістерінің біркелкі еместігін кеміту үшін оқшаулауыштың 
жоғары қабаты мен қабықша арасында жартылай өткізгіш қағаздан 
жасалған экран салады. 
Кабельдердің қағаз оқшаулауышын оның электрлік 
беріктігін біршама арттыратын МП-1 оқшаулауыш құраммен 
қанықтырады (80% брайтсток және 20% канифоль). Тік төсемдер 
үшін азайған-қаныққан оқшаулауышы немесе ақпайтын құраммен 
қаныққан оқшаулауышы бар кабельдер пайдаланады. Азайған бірақ 
қаныққан 
оқшаулауышты 
әдетте 
вакуумде 
қаныққан 
оқшаулауышты қосымша қыздырып алады, нәтижесінде қаныққан 
массаның біршама бөлігі жойылады. 
Кабельдерге арналған ақпайтын құрамды церезиннен, 
тұтқыр минералды майдан, канифоль мен полиизобутиленнен 
жасайды. Мұнай мен қатпарлы тасты майды өңдеу өнімі болып 
табылатын церезин қаныққан қоспаның ағып кетпеуін қамтамасыз 
етеді. 


306 
Қағаз оқшаулауыштың қалыңдығы кабельдің жұмыс кернеуі 
мен тарамның қимасына тәуелді. Осылайша, қорғасын және 
алюминий қабықшалары бар 1 кВ есептелген тарамды және белдік 
оқшаулауыш (тарамдардың қимасына тәуелді) қалыңдығы 
сәйкесінше 0,75...0,95 мм и 0,5...0,6 мм, 6 кВ кернеуді - 2,0 және 
0,95 мм, ал 10 кВ кернеудікі 2,75 және 1,25 мм құрауы тиіс. 
Фазаларды ажырату үшін көп тарамды кабельдерде 
оқшаулауыштың жоғары ленталары әрбір тарамда алуан түрлі: 
қызыл, қара және оқшаулауыш қағаз түстес. 
Кабельді ылғал мен ауа түсуінен қорғау үшін оқшаулауыш үстіне 
қорғасыннан, 
алюминийден, 
поливинилхлоридтен 
немесе 
жанбайтын резинадан жасалған саңылаусыз қорғаныш қабықша 
жабады. 
Кабельдің саңылаусыз қабықшасына оны жемірілу мен 
механикалық зақымдаулардан сақтау үшін бірнеше қабат қорғаныш 
жамылғысын салады. Қорғаныш жамылғылары МЕМСТ 7006-72 
бойынша дайындалады және жастықшадан, броньнен және сыртқы 
қорғаныш жамылғысынан тұрады. 
Бронь 
мен 
кабель 
бұрылыстарында 
салу 
кезінде 
зақымдардан қабықшаны сақтайтын жастықша бірнеше жапсарлас 
салынған шоғырлас қабаттардан тұрады: битумдық құрам, кабельді 
қағаздың қаныққан ленталары және қаныққан кабель жібі. Болат 
лентадан жасалған броні бар кабельдерде жіптің орнына 
жемірілуден металл қабықшаны қорғайтын битумдық құрамдағы 
сульфатты қағаз ленталар қолданылады. Жемірілуден қорғау үшін 
кабельдің алюминий қабықшаларына қосышма қыздырылған тұтас 
поливинилхлоридті құбыршек немесе екі поливинилхлоридті 
ленталар салады. 
Жастықшаға тік бұрышты не дөңгелек формадағы екі болат 
лентадан жасалған немесе болат мырышпен қапталған бронь 
орайды. Болат бронь кабельдің қабықшасын механикалық 
зақымдардан, ал сым тартылатын күштен қорғайды. Болат ленталар 
олардың ендері бірі екіншісін 1/3 жабатындай кабельге салынады. 
Кабельді бүктеген кезде жоғарғы лентаның орамы арасында 
саңылау қалмауы тиіс. 
Броньге битумдық қоспадан, қаныққан кабель жібінен және 
мыс жамылғыдан немесе поливинилхлоридті құбыршек не 
полиэтиленді пластикаттан тұратын сыртқы қорғаныш жамылғысын 
салады. Брондалмаған кабельдерде (мысалы, ААШв үлгісінде) 
поливинилхлоридті немесе полиэтиленді пластикаттан жасалған 
құбыршек саңылаусыз қабықшаға салынады. 


307 
МЕМСТ 7006-72 бойынша қорғаныш жамылғысының әрбір 
элементіне оның құрылысына тәуелді шартты әріптік белгілер 
таңылады: жастықшаларға - б, л, 2л, п, в; броньға – Б, П, К; сыртқы 
жамылғыларға – н, Шп, Шв, Г, олар кабель маркасында көрсетіледі. 
Күш электрлік кабельдердің маркасының белгісінде тоқ өткізгіш 
тарамның, саңылаусыз қабықшаның материалы және қорғаныш 
жамылғысының түрі көрсетіледі. Кейбір анағұрлым жиі 
пайдаланылатын қаладағы электр желілеріндк 10 кВ дейінгі 
кернеуге есептелген күш кабельдері 10.1 кестеде келтірілген. 
Оның маркасынан басқа кабельдің толық сипаттамасы үшін ол 
есептелген номинал кернеу, тарамдар қимасы саны мен ауданы көрсетілуі 
қажет. Мысалы, 1 кВ дейінгі кернеуге есептелген, жерге төсеуге арналған 
сыртқы жамылғы бар бір сымды алюминий тарамы бар күш электр кабель, 
185 мм
2
қимасы бар үш тарамды және 50 мм
2
қимасы бар бір тарамды төрт 
тарамды кабельдер келесі толық белгіге ие болады: ААБв (ож) 3x 185 + 
1x50 - 1 МЕМСТТ 18410-73. 
Бақылау кабельдері 660 В дейінгі кернеулі және 100 Гц дейінгі 
жиілікті немесе 1000 В дейінгі кернеулі тұрақты тоғы бар айнымалы тоқты 
электр таратқыш құрылғыларда электр құралдары мен аппараттарына 
жалғау үшін тағайындалған. Кез келген марканың кабельдері оларды 
механикалық зақымдардан және тікелей күн сәулесінен қорғауды 
қамтамасыз еткен жағдайда ашық ауада төселе алады. Сонымен қатар, 
бақылау кабельдері екінші коммутация тізбектерінде және басқару 
тізбектерінде 
қолданылады. 
Мысалы, 
сигналдау 
мен 
бұғаттау 
жылжымайтын күйде пайдаланған жағдайда 380 В номинал айнымалы 
кернеуге және 700 В тұрақты кернеуге есептелген теміржол электрл 
тізбектеріне, өрт автоматикасы тізбегіне, телеграф және басқа жүйелерге 
тағайындалған.
Кабельдерді траншеяларға, блоктарға, сондай-ақ, арнайы жинау 
құрылымдарына және тартпаларға салады. Траншеялар мен блоктардағы 
төсем кәсіпорын аумағы бойынша кабельдік трасса өткенде кезде 
қолданылады. Тірек құрылыстары мен тартпалардағы төсем мекемелерде, 
туннелде, сонымен қатар, ғимарат пен құрылыс қабырғаларында 
кабельдерді құрастыру кезінде жүзеге асады. 
Траншеяға кабельдерді төсеу аса кең таралған және оңай 
орындалады, себебі барлық жұмыстар траншея қазу мен оған кабельді 
төсеуден тұрады. Бұл тәсілдің кемшілігі жерде жатқан кабельдердің 
механикалық зақымдалу және кабель желілерінің қасында жер 
жұмыстарын жасау кезінде адамдармен болатын оқыс жағдайлар 
мүмкіндігі болып табылады. Ең қорғалған жән сенімдісі асбестцементті 
құбырлар немесе бетонды тақталарда салынған кабель желілері болып 
табылады. 


10.2 кесте
308 
Кабельдің төселу тәсіліне тәуелсіз трассаны бастапқы және соңғы 
желі нүктелері арасындағы арақашықтық қысқа болатындай етіп 
таңдалады. Кабель желілерін төсеуді желі трассасы сипатталатын 
жобалық-техникалық құжатқа сәйкес жүзеге асырады, сонымен 
қатар, орналасу деңгейінің түрлілігі туралы қорытынды жасауға 
мүмкіндік беретін оның геодезиялық белгілері келтіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет