Сіби білім беру


Кабель тарамдарын электрлік оқшаулау үшін



Pdf көрінісі
бет16/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Кабель тарамдарын электрлік оқшаулау үшін
сіңірілген кабель 
қағазын, резинаны, пластмассаны (поливинилхлорид, полиэтилен т.б) 
қолданады. 
Кабель қағазы 
жоғары кернеулі кабельдерде қолданылатын басты 
оқшаулау материалы болып табылады. оны кабельге орағаннан кейін электр 
оқшаулағыш маймен сіңіреді. Кабель тарамына ораған жағдайда қағаз 
таспаны механикалық кереді. Сол себепті кабель қағазының механикалық 
беріктігі жоғары болуы керек. 
Кабель қағазын жоғары механикалық беріктігін қамтамасыз ету 
мақсатында сульфатты целлюлозадан жасайды, сонымен қатар оның 
тығыздығы жоғары және кеуектілігі төмен болуы керек. Кабель қағазы күш 
кабельдерінің тарамдарын оқшаулау үшін пайдаланылады және 35, 110 және 
220 кВ кернеуге есептеледі. 
Барлық 
резиналардың
өзіне тән қасиеті олардың жоғары серпімділігі 
болып табылады, яғни керген жағдайда керу жүктемесін алғаннан кейін 
қалдық ұзарусыз созылу қасиеті бар. Сонымен қатар, оның жоғары суға 
тұрақтылығы мен газға тұрақтылығын, жақсы электрлік оқшаулау қасиеттерін 
де айтып кету керек. Барлық резиналардың басты құрамдауышы табиғи 
немесе синтетикалық каучук болып табылады. 
Шикі резина иілгіштікке ие, ол оңай созылады және сымның жалаңаш 
тарамын орайды, оның негізгі оқшаулаушысы болып табылады. Шикі 
резинаның иілгіштігін арттыру, механикалық беріктігін жоғарылату және 
электрлік сипаттамалары деңгейін жоғарылату үшін оны вулканизациялайды, 
яғни 140... 200 °С температурада жылулық өңдейді. Қазандықтың бу 
қабықшасына және оның ішкі кеңістігіне қаныққан су буын және 
жылытылған ауаны қысыммен енгізеді. Вулканизация үдерісі 30-70 минут 
немесе одан артық болады. Нәтижесінде механикалық және оқшаулау 
қасиеттері жақсы резинаны алады. 
Полиэтилен
— қатты, ақ немесе ашық-сұр түсті, қолмен ұстағанда майлы 
әсері бар мөлдір емес материал. Бұл зауыттарға түйіршіктер түрінде келіп 
түсетін термопластикалық материал. Полиэтилен бұйымдарды қысыммен 
құю, ыстықтай тығыздау және экструзия әдістерімен алады (полиэтилен 


33 
оқшаулағышты сымға жаққанда және оқшаулау құбыршектері мен түтіктерін 
шығарғанда). Сымдар мен кабельдерді сәулеленген полиэтиленмен оқшаулау 
қыздыруға жоғары тұрақтылығымен (100 °С дейін) және механикалық 
беріктігімен сипатталады. 
Поливинилхлорид
ақ түсті ұнтақ түрінде болады, одан тығыздау немесе 
ыстықтай сығу арқылы механикалық берік бұйымдар (платалар, құбырлар 
және т.б.) алады, олар минералды майлардың және басқа да еріткіштердің, 
сілтілер мен қышқылдардың әсеріне тұрақты болып табылады. Ұнтақ тәрізді 
поливинилхлоридті ыстықтай тығыздау арқылы қатты материал - винип-
ластты беттер түрінде, пластиналар мен түтіктер, өзектер түрінде алады, 
олардың механикалық беріктігі жоғары және электрлік оқшаулағыш 
қасиеттері жақсы болады. 
Кабельдерді сіңірілген қағазбен оқшаулауды біртіндеп пластмассамен 
оқшаулау ығыстырып келеді, ол да жоғары диэлектрлік қасиеттер көрсетеді, 
дегенмен оның ылғалға тұрақтылығы және ылғалды өткізбеуі төмен болады.
Кабельдер қабықшалары қорғасын, алюминий, резина және пластмасса 
болуы мүмкін. Олар тоқ өткізгіш тарамдардың оқшаулануын жарық, ылғал, 
химиялық заттар және басқа да қоршаған орта факторларының әсерінен, 
механикалық бүлінуден қорғайды. 
Кабельдердің қорғаныштық жабындары олардың тиімділігі мен пайдалану 
барысындағы ұзақ уақытқа жарамдылығын қамтамасыз етеді. Осы шарттарға 
тәуелді кабельдер брондалмаған немесе болат таспалармен брондалған болуы, 
сонымен қатар, тік бұрышты немесе шеңберді мырышпен қапталған сымдар 
түрінде болуы мүмкін.
Кабель броні сыртынан қалыпты сыртқы жабын қағаздан, битумды құрам 
қабаты немесе битумнан жасалуы мүмкін.
Қағазбен оқшауланған төрт тарамды күш кабелі 3.1 суретте берілген. 
Кабельдер маркаларында келесі белгілеулер қолданылады: қабықша – С 
(қорғасын), А – алюминий, Н – жанбайтын резина, В – поливинилхлорид, 
қорғаныштық жабын – Б (таспадан бронь), П – тегіс сымнан бронь, сыртқы 
жабынның болмауы – Г (жалаңаш), сонымен қатар, басқа құрылым 
элементтері әріптермен беріледі. 
1, 4
— жабын және ішкі қабықтар; 
2
— бронь; 
3
— жастықша; 
5 — белдеулік қағаз оқшаулау; 
6
— тарамды оқшаулау; 7 — нөлдік тарам;
8
— тоқ өткізгіш 
тарам 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет