32
жоғары тазалығымен ерекшеленеді. Меншікті кедергінің температуралық
коэффициенті барлық мыс маркалары үшін ТК=0,0043 1/ °С.
Алюминий
мыстан кейінгі екінші орындағы өткізгіш материал болып
табылады, оның салыстырмалы жоғары өткізгіштігі мен атмосфералық
коррозияға тұрақтылығы оны кеңінен қолдануға жағдай жасайды. Ауада
алюминий аса жылдам жұқа оксид қабықшасымен қапталады, ол оны
оттегінің өтуінен қорғайды.
Алюминий сымдардың басқа металдардан жасалған сымдармен жалғанған
орындарына ылғал түскен жағдайда гальваникалық бу түзілуі мүмкін.
Гальваникалық будың түзілуінің алдын алу мақсатында жалғанған орындарды
ылғалдан мұқият қорғау керек (мысалы, лакпен қаптау). Алюминий сымдар
мен тоқ өткізгіш бөлшектерді бір-бірімен ыстық немесе суық дәнекерлеу
арқылы жалғауға болады, сонымен қатар, арнайы флюстер қолдану арқылы
дәнекерлейді.
Достарыңызбен бөлісу: