464
Жеке жеткізілген кеңейткіш, оны кідірместен трансформаторға
орнату мүмкін болмаған кезде, май қалдықтарынан босатып, құрғақ
маймен шаю керек және барлық оның тығындарын және жапқыштарын
мұқият тығыздау керек. Көмекші аппаратураны (газдық реле,
термометрлер, салқындатқыш құрылғыға арналған жабдықтар, қосалқы
оқшауламалық материал) жабық құрғақ жерде зауыттық қаптамада
сақтайды.
Газ шығару құбырын, шығыршықты арбашаны және арнайы
қаптамасыз тасымалданатын басқа бөлшектерді оларды жауын-
шашындардың тікелей түсуінен қорғайтын қалқа астындағы ағаш
төсемелерде сақтауға болады.
Құрастыруға қабылдау кезінде трансформаторларды мұқият
тексереді. Бекіністерді, дәнекерлік тігістер тұтастығын, бактан май
ақпаларының
жоқтығын,
бөлшектер
толымдығын
(зауыттық
қаптамалық құжаттарға, маманданымдарға және жеткізуге қатысты
техникалық
шарттарға
сәйкестік)
тексереді.
Радиаторлардың,
кірістердің, кеңейткіштердің, көмекші бөлшектердің және т.б.
жағдайын қарап-тексереді. сынулардың, зақымданулардың, зауыттық
ақаулардың жоқ екендігіне, сонымен қатар әрлеудің және сырлаудың
сақталғандығына, май шүмектерінде пломбалардың бар екендігіне көз
жеткізіңіз. Фарфорлық бөлшектер беттері глазурьмен толықтай қапталу
керек, онда жарықтар және соғылған жиектер болмау керек.
Трансформаторларды құрастыруға қабылдау сәйкес актпен
рәсімделеді. Бір уақытта тапсырыс беруші өндіруші-зауыттың
техникалық құжаттамасын алады: паспорт, сынақ хаттамалары,
бөлшектеу тізімдемесі және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: