География 10- сынып ◾ Балтық бойы республикалары: Латвия, Литва, Эстония ◾ «Жалға пәтер беруші» елдер: Мальта, Кипр, Бахрейн, Либерия, Багам Аралдары, Барбадос, Панама ◾ «Жалға пәтер беруші» елдердің ерекшеліктері: Географиялық орындарының стратегиялық тұрғыда қолайлылығы, Табиғат жағдайлары мен ресурстарының салалық мамандануға негіз болуы, Салыстырмалы түрде саяси жағдайдың тұрақтылығы, Экономикалық заңдардың либералды сипаты (жұмсақ салық саясаты), Қолайлы инвестициялық кеңістік ◾ Саяси географияның негізін қалаған неміс ғалымы ойлап тапты: Ф.Ратцель экспансияның жеті заңы ◾ Геосаясаттың негізгі құралдары: саяси, идеологиялық, экономикалық, ақпараттық, мәдени ◾Геосаясаттағы экономикалық факторлардың маңызын зерттеген британдық географ: Питтер Тейлор ◾ Геосаясатқа ықпал ететін экономикалық факторлар: Елдің экономикалық даму деңгейі мен қуаттылығы, Елдің әлемдік экономикадағы орны мен технологиялық деңгейі, Халықаралық аймақтың деңгейдегі экономикалық ынтымақтастығы, Әлемдік экономикалық кеңістікке кірігу деңгейі, Елдің экономикалық стратегияларының саяси мүдделерге сәйкес келуі ◾ Мемлекет аумағының басты белгілері: Игерілу деңгейі табиғи ландшафтыларының типтері, мемлекеттік шегаралардың түрлері мен пішіндері, Географиялық орнының ерекшеліктері, Жерінің ауданы ◾ Созылыңқы пішіндегі мемлекеттер: Чили, Норвегия, Швеция, Вьетнам, Италия, Панама, Того, Гамбия ◾ Біртұтас аумақты алып жатқан мемлекеттер: Франция, Испания, Польша, Венгрия және т.б ◾ Шашыраңқы мемлекеттер: Индонезия, Филиппин, Малайзия және т.б ◾ Құрамында анклавтар бар мемлекеттер: Ресей Федерациясы- Калининград, Испания құрамына енетін бірак Мароккода жатқан-Сеута, Мелилья ◾ Миға шабуыл әдістері: Пікір алмасу, Тікелей миға шабуыл, Шығармашылық жұмыс, Ынталандырушы бақылау ◾ Миға шабуыл әдісі бойынша Тікелей миға шабуыл әдісінің ерекшелігі: көптеген сарапшылардың көзқарастарын ұсынуы арқылы идеялар жинақтау ◾ Миға шабуыл әдісі бойынша Пікір алмасу әдісінің ерекшелігі: саны шектеулі жеке сарапшылардың қатысуымен жүргізіледі ◾ Миға шабуыл әдісі бойынша Шығармашылық жұмыс әдісінің ерекшелігі: жетекші сарапшының басқаруымен тапсырмалар орындау ◾ Миға шабуыл әдісі бойынша Ынталандырушы бақылау әдісінің ерекшелігі: әрбір сарапшының өзіндік сценарий ұсынуы ◾ Табыстарды кеңінен бөлісу және қоғамдағы топтардың өзара келісімдеріне қол жеткізу арқылы әлеуметтік кепілдіктердің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді: Әлеуметтік бағдарланған модель (шведтік) ◾ Әлеуметтік барланған модель пайда болды: Швеция ◾ Иерархиялық-бірлестік модельі- мемлекет бірлескен капитализмді белсенді түрде реттейтін және конфуцийлік менталитет негізінде басқарылатын экономика болып табылады: Жапондық модель ◾ Плантациялық шаруашылық елдері: Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Куба, Никарагуа, Сальвадор, Доминика Республикасы, Гаити, Гана, Кот-д'Ивуар, Шри-Ланка ◾ Азиядағы геосаяси кеңістікке ықпал ететін факторлар: Азияда әлемдегі аумағы халқының саны жағынан аса ірі елдердің орналасуы, Діни, мәдени ала-құлалықтар, әлемдік діндердің отаны болуы, Азияда әлемдік экономика алпауыттарының орналасуы, Ұзақ жылдар бойы шешілмей келе жатқан шиеленіс ошақтарының болуы(араб-израиль, Корея түбегі және т.б)
Азияда саяси тұрғыдан «салмақты» саяси күштердің шоғырлануы Аймақ елдерінің даму деңгейінің үлкен айырмашылық жасауы ◾ Еуропадағы геосаяси кеңістік ерекшеліктері : Интеграциялық үдерістері, жікшілдік көріністері, лаңкестік көріністері, Еуропалық елдердегі дезинтеграция, Еуропаның әлемдік саясаттағы орны мен маңызы ◾ Еуропадағы геосаяси кеңістік бойынша Интеграциялық үдерістер: Еуропалық Одақ шеңберіндегі ынтымақтастық; Кедендік келісімдер, «мөлдір» шегаралар; НАТО шеңберіндегі ынтымақтастық ◾ Еуропадағы геосаяси кеңістік бойынша Жікшілдік көріністер : Батыс Еуропалық типтегі жікшілдік ( Солтустік Ирландия,Испаниядағы- Баск елі, Корсика) Шығыс Еуропалық типегі жікшілдік( Босния мен Герцеговина, Польша, Украина, Молдова) ◾ Еуропадағы геосаяси кеңістік бойынша ланкескестік көріністер: Батыс Еуропа елдеріндегі халықаралық ланкестік әрекеттер; Батыс Еуропа елдеріндегі ішкі қайшылықтардан туындайтын ланкестік әрекеттер ◾ Еуропадағы геосаяси кеңістік бойынша Еуропалық елдердегі дезинтеграция: Елдердің Еуропалыщ Одақтан шығу бастамалары; Еуропалық елдердің арасындағы саяси, экономикалық қайшылықтардың артуы ◾ Еуропадағы геосаяси кеңістік бойынша Еуропаның әлемдік саясаттағы орны мен маңызы: Еуропалық елдердегі саяси басқару тәжірибесі; Еуропа елдерінде халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлерінің орналасуы