492
ауа-кептіргіш сүзгілерді
орнатады
.
Термосифондық сүзгіні құрастыру келесі тәртіпте жүргізіледі:
1.
Сүзгіні және сүзу құрылғысын бөлшектеу,
құрғақ трансформатор
майымен шаю және қайта жинау.
2.
Радиатор орнатылатындай, сүзгіні трансформатор багында
орнату.
3.
Сүзгіге люк арқылы алдын ала кептірілген және еленген КСМ
маркалы силикагельді себу және оны құрғақ таза трансформатор
майымен шаю.
4.
Шамалы ашылған төменгі радиаторлық шүмек
және жоғарғы
келте құбырда ауа шығаруға арналған ашық тығын кезінде
трансформатор багындағы маймен сүзгіні толтыру.
5.
Тығынға арналған саңылауда май белгілері пайда болған кезде
радиаторлық шүмекті жауып, майды 1,5 сағат ішінде тұндыру керек,
осыдан кейін лайұстардан шамалы майды шығару керек.
6.
Екі радиаторлық шүмекті ашу, сүзгіні маймен толық толтыру,
ауа шығаруға арналған тығынды ашу
және қалыпты деңгейге дейін
кеңейткішке май құю.
Ауа кептіргіш сүзгіні құрастыру тәртібі келесі:
1.
Оны бөлшектеу, тазарту және кептіру;
патронды индикаторлық силикагельмен толтыру, қарау терезесінде
шыны орнату;
2.
Қақпақ астында бос кеңістік (15...25) мм қалатындай, цилиндрге
алдын ала кептірілген және еленген КСМ маркалы силикагельді салу;
3.
Гидравликалық бекітпені жұмыс жағдайына келтіру, яғни келте
құбыр арқылы қалыпты деңгей белгісіне дейін таза құрғақ май құю;
4.
Сүзгіні орнату және кеңейткіштің тыныс саңылауы арқылы оны
трансформаторға жалғау.
Трансформаторға майды құю және салқындату жүйесін маймен
толтыру
келесі тәртіпте жүргізіледі:
1.
Жоғарғы тыныс тығыны арқылы
немесе арнайы құбыр желісі
арқылы трансформаторға май көрсеткішінің максималды белгісінің
деңгейіне дейін 4 т/сағат аспайтын жылдамдықпен май құяды. Май
сипаттамалары нормаларға сәйкес келу керек (егер басқа маркалы май
құйылса, олардың араласуға қатысты сынағын жүргізу керек).
2.
Салқындатқыштардың
төменгі
ысырмаларын
немесе
радиаторлардың жалпақ шүмектерін ашады және олардың жоғарғы
бөліктерінде, сонымен қатар 6.35 кВ шығыстар қораптарының, тоқ
трансформаторлары қондырғыларының, кірістер келте құбырларының,
493
термосифондық сүзгілердің, адсорберлердің және т.б. жоғарғы
бөліктерінде ауа шығару тығындарын бұрап шығарады.
3.
Ауа шығаратын тығындар саңылауларында
май белгілері пайда
болғаннан
кейін
соңғыларын
орнына
бұрап,
тығыздайды.
Салқындатқыштардың және радиаторлардың жоғарғы ысырмаларын
немесе жалпақ шүмектерін ашады.
4.
Бак ішіндегі май температурасы сәйкес келетін май
көрсеткішінің белгісіне дейін майды құяды.
Егер трансформатордан алынған май сынамаларында ылғалдану
немесе ластану (механикалық қоспалар, жоғары қышқылдық)
анықталса, онда сүзгіні қайта зарядтайды, яғни оны бөлшектейді, ішкі
бетті дақтардан, шламнан тазартады
және таза құрғақ маймен шаяды;
қажет кезде сорбентті ауыстырады.
Сорбент ретінде термосифондық сүзгілерде КСК маркалы
ұсақталған немесе түйіршіктелген ірікеуекті силикагель және
өлшемдері 2...7 мм болатын дәндері бар А-1 маркалы белсенді
алюминий тотығы қолданылуы мүмкін. Сорбент мөлшері және
термосифондық сүзгі көлемі келесі нормадан анықталуы тиіс:
трансформатордағы майдың
толық салмағына шаққанда
1
%.
Ауа-кептіргіш сүзгілерді қуаттандыру үшін хлорлы кальций
ерітіндісімен сіңдірілген, өлшемдері 0,2 бастап 7 мм дейін болатын
дәндері бар КСМ маркалы құрғақ ірі ұсақкеуекті силикагель
қолданылады. Индикаторлық силикагель хлорды кобальт ерітіндісімен
қосымша сіңдіріледі.
Сүзгілерге салу алдында саңылаусыз қаптамада (жәшіктерде, қағаз
қаптарда) жеткізілетін сорбенттерді 140 °С
температурасында
8
сағат
немесе 300 °С температурасында 2 сағат қыздырумен кептіру керек.
Индикаторлық силикагельді 100.120 °С температурасында 15.20 сағат
кептіру керек және, егер кептіру металл тарада жүргізілсе, оның түбі
және қабырғалары индикаторлық силикагельдің металмен жанасуына
толықтай жол бермеу үшін картонмен қапталу керек.
Сіңдіру үшін ерітіндіні дайындау және силикагельді сіңдіру резеңке
қолғаптарда және сорғыш қалпақ астында жүргізілу керек. Қайта
ылғалдандыруға жол бермеу үшін кептірілген сорбенттерді саңылаусыз
тарада құрғақ жерде сақтау керек.
Жарамды саңылаусыз темір тарада (темір дәнекерленген
барабандарда) жеткізілетін сорбенттерді
кептірусіз қолдануға болады,
бірақ тараны ашу оларды сүзгілерге салу алдында тікелей жүргізілу
керек.