Сіби білім беру


Трансформаторларды жинау және орнату



Pdf көрінісі
бет208/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Трансформаторларды жинау және орнату 
Май құйғаннан кейін трансформаторлардың ақырғы жиналуы 
келесі тәртіпте жүргізіледі: 
1.
Тұрақты кірістерді орнатады (егер оқшауламаны кептіру 
жүргізілмесе және кептіру кезінде вакуумдау және оқшаулама 
кедергісін өлшеу үшін уақытша кірістер орнатылмаса, трансформатор 
майын құю алдында). 
2.
Салқындату жүйесін құрастырады (Ц типті айналымдық 
салқындату жүйесін ДЦ типті тасымалды салқындату жүйесін 
құрастыру трансформатор іргетасқа орнатылғаннан кейін орындалады). 


488 
3.
Бакқа кеңейткішті және газ шығару құбырын орнатады. 
4.
Газдық релені және сигналдық манометрлік термометрлерді 
орнатады. 
5.
Термосифондықсүзгілерді 
орнатады. 
Кеңейткішке 
ауа 
кептіргішті және майды толықтыра құюға арналған құбыр желісін 
жалғайды. 
6.
Сызбаларға сәйкес күштік және бақылау шоғырсымдарын 
құрастырады. 
7.
Газ бұру құбыр желілерін орнатады. 
8.
Трансформаторға майды толықтыра құйып, маймен салқындату 
жүйесін толтырады. 
9.
Орнын ауыстырып, іргетасқа орнатады. 
Кірістерді және тоқ трансформаторларын құрастыру.
Кернеуі 
110 кВ және жоғары болатын трансформаторлардың маймен 
толтырылған кірістерін құрастыру келесі тәртіпте орындалады: 
1.
Орнату үшін дайындалған және сыналған кірістерде сонымен 
қатар алдын ала дайындалған қағаз-бакелит цилиндрлерін бекітеді. 
2.
Бак қақпағына жабыстырылған резеңке төсемеде тоқ 
трансформаторы бар өтпелі ернемекті орнатады (13.19 сур.). 
3.
Тоқ трансформаторы ернемегінің жоғарғы бөлігіне резеңке 
төсемені жабыстырады. 
4.
Бұрудан түйіспелік қысқышты шешіп, ол арқылы киперлі 
таспаны өткізеді. 
Кірісті онда бекітілген қағаз-бакелит цилиндрімен бірге матайды 
және көтереді, осы жағдайда оны өтпелі ернемек пен тоқ 
трансформаторының ортасында орналастырады. 
5.
Киперлі таспадан бұруды бекітіп, бұру сымының оралмауы және 
майыспауы үшін, оған кірісті түсіреді. 
6.
Бұруды сұққыш кірісінде бекітеді, ал кірісті трансформатор 
ернемегінде бекітеді, осы жағдайда тығыздама саңылаусыздығы 
қамтамасыз етілуі тиіс. 
Май деңгейі 


489 
1 — ауа шығаруға арналған тығын; 2 — өтпелі ернемек; 
3, 4
— тоқ трансформаторының 
сәйкесінше бірінші және екінші орамасы; 5 — кіріс орнатуға арналған ернемек
6
— 
трансформатор багының қақпағы; 7 — шығыстар қорабының жоғарғы белгісі; 
8
— түйіспелік 
түйреуіш; 9 — құрама оқшаулағыщ; 10 — шығыстар қорабы; 11 — екіншілік орама бұруы; 12 
— тасымалдау уақытына орнатылатын ағаш шарық; 13 — өтпелі ернемекте орнатылатын тоқ 
трансформаторы; 14 — резеңке құбыршек; 15 — май құйылған бак; 16 — түпқоймалы 
таяныш 
7.
Түйіспелік қысқышты бұрап бекітеді және тығыздайды, 
люктарды жабады және тығыздайды, ауа шығару саңылауларында 
тығындарды тығыздайды. 
8.
Резеңке төсемелермен тығыздап, алмалы кірістерді орнатады, 
бұруларды өткізеді және оларды бекітеді; тиісті тығыздалуды 
қамтамасыз етіп, түйіспелік қысқышты орнатады. 
Тік құбырлы радиаторларды және желдеткіштерді, кеңейткішті 
және газ шығару құбырын құрастыру.
Тік құбырлы радиаторларды 
және желдеткіштерді құрастыру келесі тәртіпте жүргізіледі: 
1.
Трансформаторға желдеткіштерді бекітуге және радиаторларды 
үрлеуге арналған тіреуіштерді орнатады, электрлік қозғалтқышты және 
қанатшаларды тексереді, 13.20 сур. көрсетілгендей, желдеткіштері бар 
радиаторларды орнатады. 
2.
Радиаторлық шүмектерден бітеуіштерді шешіп, майдың 
13.19 сур. Тоқ трансформаторын өтпелі ернемекте орнату 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет