555
қабырғаларына дейінгі қашықтық бір жақты орнату кезінде кем
дегенде 0,1 м құрау керек. Блоктарды бұрыштамаларға және
швеллерлерге жобамен қарастырылған қатаң реттілікте қояды.
КСО және ЖТҚ құрастыруды шеткі корпусты орнатудан бастайды
және келесі корпусты құрастыруға тек
алдыңғы корпустың тігінен
және көлденеңінен орналасуының дұрыстығын тексергеннен кейін
кіріседі. Қажет кезде негіз астына болат төсемелерді орналастырып,
оларды дәнекерлейді. Орнату аяқталғаннан кейін, шеткісінен бастап,
блоктар корпустарын бұрандамалармен жалғайды. Осы жағдайда
алдымен төменгі бұрандамаларды, кейін
жоғарғы бұрандамаларды
қатайтады.
Бұрандамаларды қатайтқаннан кейін сым бойынша жоғарғы
жағынан корпустардың бір сызық бойымен орнатылғандығын
тексереді және қажет кезде болат төсемелермен олардың жайғасымын
реттейді. Арбашаны кіргізу арқылы ЖТҚ шкафтарының дұрыс
орнатылғандығын, яғни олардың жылжымалы және жылжымайтын
бөліктерінің сәйкес келуін, сонымен арбаша жайғасымының
шығыршықтармен нақты бекітілуін тексереді.
ЖТҚ корпусы дұрыс орнатылған болып
саналады және келесі
шарттар орындалған кезде түпкілікті бекітілуі мүмкін: корпус және
арбаша тербелмейді;
корпустың төменгі жақтауы көлденең орналасады; біріншілік және
екіншілік тізбектердің айырғыш түйіспелерінің жылжымалы және
жылжымайтын бөліктері сәйкес келеді;
жеткізу механизмінің шығыршықтары арбаша жайғасымын нақты
бекітеді;
қорғаныс перделерінің иінағаштарын бекітетін ось және арбаша
шығыршықтары арасындағы саңылаулар шамамен бірдей;
жапсарлас корпустардың бақылау саңылаулары сәйкес келеді;
жапсарлас корпустар қабырғалары сарасындағы
саңылау
1
мм аспайды;
шкафтардың жабық есіктері бір тік жазықтықта орналасқан.
Қиғаштықсыз және қажалусыз көтерілуі және түсірілуі тиіс
перделер жұмысын, сонымен қатар механикалық бұғаттау әрекетін
айрықша тексереді.
Ақырғы сәйкестендірілген шкафтар және камералар төрт бұрышта
бағыттаушыларға ұзындығы 60...70 мм болатын электрлік-дәнекерлік
тігістермен бекітіледі.
Шкафтарда шиналық бөлім тілімдерін шешеді, тармақтау
шиналарын уақытша бекіністен босатады,
шина ұстағыштардың
жоғарғы бөліктерін алып тастайды және шина ұстаушыларға фазалар
түстерін ескерумен құрама шиналарды төсейді. Тармақтау шиналарын
құрама бұрандамаларға немесе қысқыштарға жалғайды, кейін құрама
және тармақтау шиналарын шина ұстаушыларда бекітеді. Құрама
шиналар учаскелерін бір қалқан шектерінде дәнекерлейді, ал әр түрлі
қалқандар арасында бұрандамалармен немесе қысқыштармен