Жиынтықты тарату құрылғыларын тұйықтау. ЖТҚ (КСО) орнату
аяқталғаннан кейін олар орнатылған барлық металл құрылымдарды жерге
тұйықтау желісіне жалғайды. Камераның жерге тұйықталған корпусымен
металл қосылыс арқылы жалғанбаған ЖТҚ барлық жабдықтары да жерге
тұйықталуы тиіс. Дәнекерлік беттері сыртқы электрлік түйіспемен ТҚ
корпусымен жалғанған, жерге тұйықталған металл құрылымдарға
орнатылған аспаптар және жабдықтарды арнайы жерге тұйықтамаған жөн.
ЖТҚ жерге тұйықтау камералардың төменгі жақтауларын жерге
тұйықтайтын магистральға немесе кем дегенде екі жерде жерге
тұйықтайтын магистральға жалғанған төсеме бөліктерге балқымалаумен
жүзеге асырылады.
Қолданысқа тапсыру үшін релелік қорғанысты және дабылдаманы
тексереді және баптайды, және ЭҚЕ қарастырылған көлемде сынақтар
жүргізеді.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар I.
1. ЖТҚ және СЖТҚ деген не?
2.
Аппараттарды орнату әдісі бойынша ЖТҚ қалай бөлінеді?
3.
ЖТҚ жіктелуі және тағайындалуы қандай?
4.
КСО камераларының негізгі элементтерін айтып беріңіз.
5.
ЖТҚ камералары қандай реттілікте құрастырылады?
II.
1. Майлы ажыратқыш бар КХ11 сериялы ЖТҚ негізгі сипаттамалары және құрылымы
қандай?
2.
Сіз ЖТҚ-ғы қандай бұғаттау түрлерін білесіз?
З. КСО3-66 және КСО2-66 немен ерекшеленеді?
4.
КСО3-66 камерасының құрылымын түсіндіріңіз.
5.
Құрастыру дұрыстығы қандай критерийлер бойынша анықталады?
III.
1. ВЭМ-6 типті электрлік-магниттік ажыратқыш бар ЖТҚ артықшылықтары қандай.
2.
К-37 сериялы ЖТҚ құрылымдық орындалуы қандай?
3.
КСО2-72 басқа КСО түйістіруге болады ма және неге?
4.
ЖТҚ шкафтарында және КСО камераларында қандай элементтер жерге
тұйықталады?