68
ПРМ-4 Аспалы монтаждау жартылай автоматы,
көміртекті және
жеміруге-төзімді болаттан, мыстан, алюминий мен оның қоспасынан
дайындалған қорғаныс газ құрастырым ортасында құбылмалы электродтарды
дәнекерлеу арналған. Дәнекерленетін материалдың қалыңдығы 1-ден 50 мм
дейін. Стационарлы және монтаждау жағдайларында қолданылады. ПРМ-4
жиынтығы аспалы жартылай автоматтан, электр жабдығынан және ПВ-400
түзеткіш сүйеуден тұрады.
Жартылай автомат, тақтайда сымды жүргізу механизмі жөнделетін
аспаны, алмалы-салмалы кассетаны (шарғы) және құбыршегі бар жанарғыны
қамтиды. Дәнекерленетін металға байланысты үлкен (300А) немесе кіші
(200А) жанарғы қолданылады.
Жартылай автоматтың механикалық бөлігіне қуат беруге арналған электр
жабдығы және дәнекерлеу үдерісін басқару, аппарат шкафінен, дәнекерлеу
тоғы көзінен және электромагнитті газ қақпақшасынан тұрады. Жартылай
автоматтың электр сызбасы бір қалыпты реттеуді және электр сымдарынының
беріліс жылдамдығын, оның түймешікпен іске қосылуын және қашықтық
басқарылуын, сонымен бірге дәнекерленетін аймаққа қорғарныс газын беруді
іске қосуды және электродты сымдардың алға және артқа жылжуын
қамтамасыз етеді.
Тұрақты токпен электр доғасына қуат көзі ретінде ПВ-400 түзеткіш сүйеуі
(жиынтықта дәнекерлеу трансформаторы бар) қолданылады. Сегіз кремний
күштік бұрандасы, кедергіші, алдыңғы және артқы тақтайы бар сүйеу
арбашықта жөнделеді және қорғаныс қабығымен жабылады. Қуат беретін
желінің кернеуі 200 В, түзеткіш ток кернеуі 65 В.
Ойықша, тесік, ұяшықтар тесу, атыздарды таңдау, табанша арқылы
құрастырымдар мен бөлшектерді бекіту, электрлендірілген, пневматикалық
және басқа да құралдарды қолданып сымдар мен кабельдерді жалғау және
ұштау бойынша жұмыстарды арнайы оқудан өткен және аталған жұмыстарды
жүргізу куәлігі бар жұмысшылар атқаруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: