166
олардың көмегімен олар жабындарға, арқалықтарға, бағаналарға,
қабырғаларға, фермаларға бекітіледі және ілінеді.
Қораптардағы шамшырақтар ұстаушыларында ілініске сым буындары
түріндегі тізбектер немесе аспалар бар, олар қызмет көрсету, шамдарды
ауыстыру, жөндеу үшін шамшырақтарды түсіруге мүмкіндік береді.
Люминисцентті шамшырақтар блоктары және жиынтықты жарықтандыру
желілері ЭДШ-да жиналады. Люминисценттік шамшырақтар блоктары
және жиынтықты жарықтандыру желілері ЭДШ-да жиналады. Алдын ала
жоба бойынша жарықтандыру желілерінің байламалары (тік және
көлденең), оларды өткізу шарттары және әдістері, шамшырақтарды
қоректендіру сұлбалары, сонымен қатар байлама жүзеге асырылатын
ғимараттың құрылыс элементтерінің өлшемдері нақтыланады. Орын
бойынша нақтыланған жоба негізінде шеберханаларға тапсырыс беріледі,
сонымен қатар жиынтықты тізімдеме ұсынылады.
Объектілерге жарықтандыру желілері үш іріленген элемент түрінде
жеткізіледі: жиынтықты бекіністер; сымдар төселген жиынтықты
қораптар; жарықтық эффектіге тексерілген шамдары бар люминисцентті
шамшырақтар. Іріленген элементтердің құрастыру аймағына жеткізілуі
контейнерлерде жүргізіледі. Құрастыру келесі реттілікте орындалады:
жиынтықты бекіністер ғимаратты құрылыс элементтеріне орнатылады,
желінің жиынтықты учаскелері еден белгісінде жиналады, жиынтықты
қораптар секциясында шамдары бар шамшырақтар орнатылады, жиналған
учаске жарықтық эффектіге тексеріледі;
желінің жиналған учаскелері жобалық белгіге көтеріледі, бекітіледі,
кейін бір жарықтандыру желісіне өзара жалғанады.
6.6суретінде қабырғада, бағанада, алаңда және т.б. люминисцентті
шамшырақты тіреуіш (ЭДШ бұйымы) көмегімен бекіту нұсқасы
көрсетілген. Құбырдан жасалған тіреуіш бұрылыстық болуы мүмкін,
мысалы, шамшырақтарды алаңдарда немесе өтпелерде орнатқан кезде,
себебі қажет кезде оларды қабырғалар бойымен уақытша бұруға болады
және осылайша ықтимал зақымданулардың алдын алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: