Сіби білім беру


Өзін-өзі бақылау сұрқтары



Pdf көрінісі
бет67/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Өзін-өзі бақылау сұрқтары 
I.
1.Қорғаныстық жерге тұйықтау деген не? 
2.
Жерге тұйықтаушылар құрылымына қойылатын негізгі талаптар 
қандай? 
3.
Жерге тұйықтау кедергісін өлшеудің қандай тәсілдері бар? 
II.
1. Ғимараттар ішінде және сыртта жерге тұйықтаушыны құру және 
монтаждау ерекшеліктері қандай? 
2.
Табиғи және жасанды жерге тұйықтаушылардың ерекшеліктері 
және оларға қойылатын талаптар неге негізделеді? 
3.
Жерге тұйықтауға және жерге тұйықтаушыға қойылатын негізгі 
ЭҚЕ талаптарын атаңыз. 
III.
1. Қалыпты және апаттық режимдерде оқшауланған және жерге 
тұйықталған бейтарап сымы бар электрлік желі жұмысының ерекшеліктері 
қандай? 
2.
Қадамдық кернеудің және жанасу кернеуінің пайда болу себептерін 
түсіндіріңіз. 
Неліктен түтікшелі сымдардың металл қабықтары, тасушы құбырлар, 
шоғырсым қабықтары жерге тұйықталса да, оларды жерге тұйықтау үшін 
пайдалануға болмайды? 


159 
6т а р а у . ЖАРЫҚТАНДЫРҒЫШ ЭЛЕКТРЛІК ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫҢ 
ШАМШЫРАҚТАРЫН, АСПАПТАРЫН ЖӘНЕ
ТАРАТУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН ҚҰРАСТЫРУ 
6.1.
 
Шамшырақтарды және аспаптарды құрастыру 
Шамшырақтарды, ажыратқыштарды, ашалы розеткаларды және басқа 
аспаптарды құрастыру орынжайда барлық әрлеу және сырлау 
жұмыстарын орындағаннан кейін жүргізіледі. 
ЭҚЕ талаптарына сәйкес шамшырақтар объектілерге өндіруші-зауытта 
зарядталған сымдармен жеткізілу керек. Бірақ егер қандай да бір себептер 
бойынша олар зарядталмаған күйде жеткізілсе, зарядтау ЭДШ-да 
жүргізіледі. Сонымен қатар, шеберханаларда зарядталған шамшырақтарды 
тексереді, сымдардың фазалық және нөлдік тарамдарын анықтайды және 
маркалайды. 
Қыздыру шамының жоғары температурасы шамшырақтың өзінің 
қызуын және оның сымдары оқшауламасының қатты қызуын тудырады. 
Сымдар оқшауламасының қатты қызуы жылулық тесілуге – диэлектриктің 
жылулық ыдырауының құбылысына (балқу және т.б.) алып келуі мүмкін. 
Бұл келесі жолмен орын алады. Оқшаулама (диэлектрик) көлемінің бір 
бөлігі, жоғары электрлік өткізгіштікке ие болып, байқалатын өткізгіштік 
тоғының туындауына себепші болады. Осы тоқ жылудың бөлінуін және 
оқшауламаның қыздырылуын тудырады, бұл электрлік кедергінің 
төмендеуіне және өтпелі өткізгіштік тоғының артуына алып келеді, бұл өз 
кезегінде жылудың қосымша бөлінуін және диэлектриктің осы бөлігінің 
қатты қызуын тудырады. Кернеу ары қарай жоғарылаған кезде өткізгіштік 
тоғы артады, және онымен бөлінген жылу оқшауламаның тұтас 
күйдірілуін немесе балқуын тудыруы мүмкін. Сондықтан шамшырақтарды 
зарядтау электрлік аппараттардағы, аспаптардағы және басқа электрлік-
техникалық құрылғылардағы әр түрлі қосылыстар түрі үшін арналған 
қызуға төзімді сымдармен жүргізіледі. Осындай сымдарда тоқ өткізгіш 
тарамдар өткізгіш мыстан қалайыланған болып жасалады. Қызуға 
төзімділігі жоғары (200...250 °С) сымдарда никельденген мыс тарамдарды 
пайдаланады. Осы сымдар оқшауламасы шыны-талшықтан жасалған 
орағышпен үйлесімділіктегі фтор-пласттан немесе 
фтор-пластты 
таспалардан құралады. 
Құрастыру сымдары маркаларының көпшілігі -50 бастап +70 °C 
дейінгі температуралар интервалында жұмыс жасау үшін арналған. Осы 
сымдардың тарамдары полиэтиленнен немесе поливинилхлоридті 
пластикаттан жасалған икемді ылғалға төзімді оқшауламамен қапталған. 
Сымдардың 
кейбір 
құрылымдарында 
олардың 
негізгі 
оқшауламасының сыртынан капрондық немесе шыны жіктерден тағы бір 
қорғаныс қабықшасы қапталады. 
Осы сымдар 1000 В дейінгі айнымалы және 1400 В дейінгі тұрақты тоқ 
кернеулері кезінде және - 80 бастап +10 °С дейінгі температуралар кезінде 
қолданылады. 


160 
Шамшырақтарды зарядтау кезінде сымдардың фазалық және бос 
тарамдарының ұштарын бастиектерге жалғайды, ал нөлдік сымдар 
ұштарын – шам патрондарының бұрамалық қауыздарына. 
Шамшырақтардағы зарядтық сымдар тартылмау керек және 
механикалық зақымдануларға ұшырамау керек; аспалы қарнақтар, 
тіреуіштер және тізбектер арқылы өткізілу керек; оларды құбырлар ішінде 
жалғауға тыйым салынады. 
Жарылыс 
қауіпті 
орынжайларда 
құрастыру 
үшін 
арналған 
шамшырақтарды зарядтау үш сыммен орындалады: екі сым (фазалық және 
нөлдік) патронға жалғанады, ал үшіншімен корпус жерге тұйықталады. 
Осы кезде фазалық сым патронның орталық түйіспесіне жалғану керек, ал 
нөлдік – бұрандалы құрсауға. Жерге тұйықтағыш сым бір ұшымен 
шамшырақ ішіндегі жерге тұйықтау бұрамасын жалғанады, ал екінші 
ұшымен – У-409 тарату қорабы ішіндегі нөлдік сымға. 
Шамшырақтарды қимасы 1,5 мм болатын және термотөзімді 
оқшауламасы бар, ПРКС немесе ПРЕС маркалы мыс тарамдары бар 
сымдармен 
зарядтау 
керек. 
Резеңке 
және 
поливинилхлоридті 
оқшауламасы бар сымдарды және шоғырсымдарды олардың жеткіліксіз 
жылулық төзімділігіне байланысты шамшырақтарды зарядтау үшін 
пайдаланбаған жөн. Патроннан бөлінген шамшырақтың кірістік қорабын 
(ВЗГ-100, В4А-60 және т.б.) қысқыштарға топтық желі орындалған 
шоғырсым көмегімен қысқыштарға жалғайды. Шамшырақты зарядтау 
үшін дайындалатын сым ұзындығы құбырлық тіреуіштің немесе аспаның 
бос ұшынан кем дегенде 230 мм шығып тұратындай болу керек, ал 
шамшырақ ішіне 80 мм кіру керек. 
Жарықтандырғыш арматураны құбырлық тіреуіштерде немесе 
аспаларда қатты бекітеді, олар сонымен қатар сымдарды қорғау үшін 
арналған. Құбырлық тіреуіштер және аспалар оларға орнатылған 
шамшырақтармен бірге қабырғаларда, бағаналарда және төбелерде қатты 
бекітіледі. 
Шамамен 50 мм тең болатын, тіреуіш немесе аспа және қорап 
арасындағы учаскеге поливинилхлоридті немесе резеңке түтікті кигізу 
керек, себебі У-409 қорабы оған құбырдың енгізілуіне есептелмеген. Осы 
түтіктің бір ұшы тығырық және тарату қорабы тығыздамасының резеңке 
тығыздағыш сақинасы арасында бекітіледі, ал екінші ұшы –құбырлық 
тіреуішке немесе аспаға енгізіледі, оны бекіту үшін оның ұшында 
құбырлық тығыздама орнатады. Сымдар кірісінің нығыздағышы жоғары 
қысымды сығылған ауамен сыналады, ол 3 мин ішінде 50 % астам шамаға 
азаймау керек. 
Шамшырақтарды орналастыру және орнату кезінде оларға қызмет 
көрсетудің қолайлығына және қауіпсіздігіне айрықша назар аудару керек. 
Кез келген жағдайда олар, қауіпсіздік техникасының барлық ережелерін 
сақтап, асылмалы сатылардан, телескопиялық көтергіштерден, арнайы 
жарық-техникалық көпірлерден және көпірлік крандардан қызмет көрсету 
үшін қол жетімді болу керек. Асылмалы сатылардан қызмет көрсетілетін 


161 
шамшырақтарды ауыр жабдықтардың, тасымалдағыштардың ашық 
таспалары үстінде, сонымен қатар олардың орнатылуы қиындатылған 
басқа жерлерде, және еденнен 5 м жоғары орналастыру ұсынылмайды. 
Көпірлік крандарды пайдаланған кезде шамшырақтар кран төсемесі 
үстінде 1,8 м кем қашықтықта орналаспау керек. 
Шамшырақтың өзінің құрылымы және топтық желіні өткізу әдісі 
шамшырақтар бекіністерінің түрінің таңдауын анықтайды, олардың 
негізгілері болып табылады: ілмекке немесе түйреуішке ілу; тіреуіште, 
түтікті аспада немесе тіреуда орнату; жарықтандырғыш қораптарда және 
шина өткізгіштерде орнату; арқанда немесе арқанды сымда ілу; аспалы 
төбеге кіріктіру; розетка үстінде бекіту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет