188
7.1 сур. Белгілеуге арналған
құрылғылар:
а
— шаблон; б — белгілеу сырығы; в —
белгілеу циркулі; г — сырықты белгілеу
жақтауы;
д
— тіктеуіш өлшеуіш; е — белгілеу
құралдарының жинағы; 1 — телескопиялық
сызық; 2 — угломер;
3
— өлшеуіш; 4 —
белгілеу трафареті
Содан кейін электр желілерінің таза еден үстінен өту деңгейі мен құрылыс
құрылымдары,
жол бұрылыстары
және бөгеттерді айналып өтулер
арқылы
барлық
өткелдер
белгіленеді. Белгілеу сызықтарын
түсіргенде
басқа
нысандарға
қатысты сымдар мен кабельдердің
орналасуын басшылыққа алады
(ЭҚҚ).
Жолдардың
бұрылыстарының
радиустары
өткізбеде қолданылатын сымдар
немесе кабельдердің минималды
рұқсат етілген иілу радиустарынан
кіші
болмауы
тиіс.
Жүргізу
барысында
сымдардың
тік
ағындары
жол
білігіне
симметриялы, ал көлденеңдер –
еденнен нормативті қашықтықта
(төменгі сым бойынша) орналасады.
Көлденең ағынның үстіңгі сымы
карниз сызығынан кесінде 50 мм
қашықтықта немесе төбеден кемінде
100 мм қашықтықта салынады.
Ағын
бұрылысының
радиусы
сымдарының
иілуінің рұқсат
етілген максималды радиустары
бойынша қабылданады.
42
В
үлкен
кернеудегі
қорғалмаған ашық электр желілері
қалыпты
ахуалды
бөлмелерде
кемінде 2 м биіктікте, жоғары
қауіпті және аса қауіпті бөлмелерде
кемінде 2,5 м биіктікте орналасады.
42 В дейінгі кернеудегі ашық электр
желілерін кез келген бөлмелерге 2 м
төмен
болмайтын
биіктікке
орнатады. Қорғалған сымдарды салу
биіктігі (құбырларда, қораптарда,
металтүтіктерде) нормаланбайды.
Тростық электр желілері үшін анкерлік және аралық бекіту
орындарына белгілеу жүргізеді, жаймадағы электр желілері үшін –оларды
ғимараттың құрылыс элементтеріне бекітудің ұстаушы құрылымдары мен
нүктелерін белгілеуді, сымдар мен кабельдерді жолақтар мен ленталар
бойынша жүргізгенде – жолақтар, ленталар және с.с. орнату орындарына
белгілеуді жүргізеді.
189
Құбыр
жолдарын белгілегенде, құбыр ұштарының шығу орындарын
электр қабылдағыштарға дәл жалғастырылуын орындау қажет. Құбыр
желілерін жүргізуге арналған түреуіштік құрылымдар белгілеудің дәл
көлденең және тік сызықтары бойынша бір жазықтықта орнатылуы тиіс.
Бұл үшін өткізгіш жолында немесе жол бөлігінде бекітудің екі шеткі
бөлшектері орнатылады және олардың арасында бау немесе болат сым
тартылады, олар бойынша бекітудің қалған бөлшектері орналастырылады.
Тік белгілеу тіктеуіш бойынша жүргізіледі.
Жолдың орналасуы және электржабдығының орналасу орнын еден
немесе төбе деңгейінен, бағандар,
фермалар және басқа құрылыс
элементтерінің ара қышықтықтарының бекітілген белгілерін немесе
маркшейдерлік белгілеулерді қолданып, жобаның жұмыс сызбалары
бойынша анықталады.
Тік және көлденең ашық электрсымдардың жолдарын белгілеу
қабырғалар мен төбелердің түйіндесу сызықтарымен қатарлылықты
сақтаумен белгілеу бауы арқылы жүргізіледі. Көлденең сызықтармен
тіреу құрылымдары мен бекіту бөлшектерін орнату орындары келесі
тәртіпте белгіленеді: алдымен электрқабылдағыштардың қораптарынан,
бұрылыстар
мен кіре-берістер алдын, содан кейін олардың арасындағы
аралықтар белгіленеді. Сымдар мен кабельдерді ұстап тұратын бекіту
бөлшектері жол бойында, ҚНжЕ бойынша максималды рұқсат етілгеннен
аспай, симметриялы және бірдей ара қашықтықта орналасуы тиіс, ал
өткелдер бір сызықта және жүргізілетін сымдар және кабельдермен бір
жазықтықта.
Жалпақ сымдарды жүргізгенде жолдарды белгілеу барысында келесі
талаптарды ескеру қажет:
Қабырғалар мен қалқандар бойынша ашық электр желісі сәулет
сызықтары бойымен (карниз, бағандар, көркем өңдеулер,
шығыңқы
бұрыштармен), бірақ олардан 20 мм дейінгі қашықтықта жүргізіледі;
Жолды жасырын салу кезінде оны кездейсоқ бүлдіріп алу
ықтималдылығын жою үшін жол өткізгішті пайдаланғанда ол оңай
анықталуы тиіс (жолдың көлденең бөліктері, қабырға мен төбенің түйісу
желілері қатар болатындай орналасады);
Жолдың тік учаскелері (шамдалдарға, ажыратқыштарға және ашалы
розеткаларға түсу немесе көтерілу орындары) есік және терезе
ойықтарының сызбаларына немесе бөлме бұрыштарына қатар жүргізілуі
тиіс;
190
7.2 сур. Шаблон бойынша
белгілеу
сымдардың жабындар астымен
жасырын жүргізілуі (сылақ, тесік және
тақта
қуыстарында,
жабын
тақталарының
астымен)
төбеден
шамдалға өтуінің ең ыңғайлы орны
арасындағы
ең
қысқа
қашықтық
бойынша орындалуы тиіс.
Қабырғалар
мен
төбелердің
қарықтарына
жасырылған
электр
желілерінің белгілеуін келесі жолмен
жүргізуге
болады:
енгізулерден
электржабдықтарға
және
шамдалға
дейінгі ең қысқа қашықтық бойынша.
Электр құрылымдарын орнату үшін
тесіктер
мен
ұяшықтарды
тесу
орындарын
жиі қарапайым белгілеу
шаблондарының көмегімен белгілейді (7.2 сур.).
Ғимаратты сымдарға арналған арналар пішімделген және тарату
құралдары мен электр қондырғы бұйымдары үшін ойықтар, тесіктер және
шұқырлармен жиынтық құрылыс құрылымдарымен салғанда, оларды және
электр желілерінің жолдарын орнату орындарына белгі салмай,
арналардың сымдарды тарту үшін жарамдылығын тексереді, әсіресе
ғимараттың құрылыс элементтері түйіндескен жерлерде.
Бекіту нүктелері, сымдардың иілу радиустары арасындағы
максималды ара қашықтық пен электр желілерінің жолдарын белгілеу
бойынша қойылатын басқа талаптар
қолданыстағы ережелер және
нормалармен реттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: