Өзін-өзі бақылау сұрақтары
I.
1
. Бөлшектерді бекітудің қандай әдістерін білесіз?
2.
Ойғыштар не үшін қолданылады?
3.
Көпқуысты тақталарда тесіктерді қандай құралдармен теседі?
II.
1. Ою жұмыстарын механизациялаудың қандай түрлерін білесіз?
2.
Кірпіш қабырғаларда ою жұмыстарын қандай әдіспен жүргізеді?
3.
Қолмен оюдың қандай түрлерін білесіз?
III.
1. Тесіктерді тесу үшін пневмоқұрал қолдану не себепті ұсынылады?
2.
Тесіктерді ою қалай жүргізіледі?
3.
Ойғыш диаметрі қалай таңдалады?
Бекіту жұмыстары
Монтаждау барысында бекіту әдісін таңдау жобамен қарастырылмаса,
құрылыс негізінің түрімен, жүктеме сипатымен, бекітілетін бөлшек
салмағымен, сонымен қатар еңбек сыйымдылығы және жұмыс құнымен
анықталады.
Құрылыс негіздеріне бекіткіш дюбелдерді қағу.
Құрылыс
конструкцияларында бұйымдарды сенімді түрде бекітетін дюбелдер үш
топқа бөлінеді: алдын ала дайындалған тесіктерге (металл, пластмасса)
майлаусыз бекітуге арналған кермелі; құрылыс-монтаждау пистолетімен
атылатын; қол немесе пиротехникалық жақтаумен қағылатын.
Өздігінен бекітілетін кермелі дюбелдер жарықтандырғыш және күштік
қондырғыларды монтаждау кезінде қолданылатын әртүрлі электр
қондырғылы бұйымдар мен бөлшектердің кірпіш және бетон негіздеріне
майлаусыз бекіту үшін қолданылады.
Кермелі металл дюбел корпустан тұрады, ол жуандығы 8 мм жұмсақ
болаттан жасалған штамптталған немесе нүктелік (диаметрі 6 мм асатын
бұрандалар үшін) гильзадан, кермелі конустық тығырық сомыннан,
металл бойынша бұрандамадан (жартылай домалақ, цилиндрлік немесе
алты қырлы ұшымен) немесе бұранда мен қалыпты және серіппелі екі
шайбадан тұрады. Гильзадағы тістер мен ойықтар және осы ойықтарға
сәйкес келетін сомындағы қабырғалар гильзаның немесе бұранданы
бұрағанда сомынның айналуына кедергі келтіреді. Гильза сомынмен
193
тарту кезінде оны жеңілдету үшін көлденең екі қимадан тұрады, осы
мақсатта сомын жақтан гильзаның ұшы біршама кеңейтіле жасалған.
Конустық тығырық сомыны бар дюбел жеңіл конструкцияларды, шағын
қалқаншаларды, қосу аппараттарын және б. бекіту үшін қолданылады.
Бұранда мен дюбель бекітілуі тиіс бөлшекпен қосылады (қапсырма,
табан, жәшік). Содан кейін дюбелдің корпусы алдын ала дайындалған
тесікке салынып, балғаның жеңіл серіппесімен, оның сыртқы шеті ойық
жиектерімен бірдей жазықтықта болатындай қағылады. Дюбель тесікке
болмашы үйкеліспен кіруі тиіс. Бекітілетін бұйымның тесігі арқылы
өткізілген бұранда немесе бұрама тақалғанша керме сомынға бұралып
салынады. Бұранданы бұрап салғанда керме сомын дюбель корпусында
орын ауыстырып, өзінің конусымен копус беттерін керіп, тесік
қабырғаларына нық жабысады, осының арқасында бұйым сенімді түрде
бекітіледі.
Қазіргі уақытта негізінен пластмассадан (73 сур.) және капорннан
жасалған дюбелдер қолданылады.
Капрон ақ немесе ақ-сары түсті қатты материал болып табылады. Бұл
балқу температурасы 70 °С. ұнтақ түріндегі зат – капролактамнан
алынатын синтетикалық материал. Капронда балқу температурасы 215 °С.
Ол зең саңырауқұлақтарына өте төзімді, бірақ атмосфералық әсерге
төзімді емес.
Басқа полимерлік материалдар тәрізді, тұрақты жүктеме әсерінен
капрон өте жай өзгереді (суық аққыштық). Егер 3 % шеңберінде өзгеру
болса, онда жүктемені алған соң ол жойылады.
Капрон көбіне салмағы кіші электромонтаждық және конструкциялық
бөлшектердің өнідірісі үшін қолданылады.
Пластмассалы дюбелдің корпусы цилиндрлік пішінді, сынамен
ажыратуды жеңілдету үшін көлденең тесігі бар іші ішкі конустық арнамен
екі бөлікке бөлінген.
194
7.3 сур. Пластмассалық керме
дюбелдер:
а
— жалпы түрі; б — орнатылған және
құрылыстық негіздер
Дюбелдің
үстіңгі
бетінің
ұзындығы бойынша орналасқан
қабырғалар оны ұяға нығыздау
және
ұя
бетімен
тіркелуді
жақсарту үшін қызмет етеді және
бұрандалы шегелерді бұрағанда
бұралып кетуге кедергі келтіреді.
Пластмассалық
дюбелдер
басқа
дюбелдерге
қарағанда
бірқатар артықшылықтарға ие:
олар динамикалық жүктемелер
мен
дірілдерге
тұрақты,
коррозияға өте төзімді және
оларды ылғал және химиялық
беленді
орталарда
қолдануға
болады.
Қапсырмаларды,
орнату
бұйымдарын
және
шағын
конструкцияларды бекіту үшін
бұрандашегелі
дюбелдер
қолданылады, ал сүйемелдейтін
кабельдік
және
троллейлік
конструкциялар үшін, арқанды
өткізгіштер, аппараттар, шекті
аспалар үшін – тұйықтағыш
дюьелдер қолданылады.
Қазіргі
уақытта
пластамассалық дюбелдер металл
дюбелдерді ығыстырды.
Дюбелдерді
қағу
орнын
белгілеуді дәл және мұқият
орындау қажет, себебі кейін
дәлсіздікті түзетуге болмайды. Жерге тұйықтау желілеріндегі болат
сызықтарда және оларды жүргізуге арналған қосымша бөлшектерде бекіту
орындарында алдымен диаметрі 4 мм тесік тесу қажет.
Дюбелдің көлемі негіздің қаттылығы мен онда сылақтың болуына
байланысты таңдалады: бетон және темірбетон үшін 200 маркалы жән 2,5
х 25 мм төмен, қызыл және силикатты кірпіш үшін — 3,5х35 мм, ал
сыланған негіздер үшін (егер 3,5 х 35 мм дюбел жеткіліксіз болса) — 4,5 х
40 мм. Таңдау дұрыстығын тексеру үшін (себебі тесілетін бөліктің
ұзындығы байланысты болатын, негіз материалының сапасы тек шамалап
қана бағалана алады) жұмыс орны бойынша бірнеше дюбелдерді сынама
ретінде қағу қажет.
195
Достарыңызбен бөлісу: |