200
айналған шпагатты, сонымен қатар кордтық немесе капрон жіптен,
сонымен қатар мақта немесе пластмассалық лентадан бірнеше оралымын
салады;
Жойылуы тиіс қабықшаларға (сауытты, қорғасындық, алюминий,
пластмасса қабықшалар мен монолитті оқшаулаудан) сақиналы көлденең
және сызықтық бойлық кесуді жүргізеді;
Жойылатын жабындарды шешеді немесе орайды;
Көп тарамды өткізгіштердің тарамдарының ұшын бөледі, яғни оларға
келесі операциялар үшін ыңғайлы пішін мен орналасуды береді;
Тоқ өткізетін тарамдардың ашық ұштарын өңдейді, яғни металл
жалтырына дейін тазартады, қалайылайды, флюспен, кварцты-вазелинді
пастамен немесе тоқ өткізгіш желіммен қаптайды, көп сымды тарамдарды
монолитке балқытады.
Келтрілген операциялардың қажеттігі өткізгіштердің құрылымына
байланысты. Толық көлемде олар қағаз оқшаулағышты күштік кабельдер
үшін жүргізіледі, ал ең қарапайым өткізгіштер үшін бөлу технологиясы
поливинилхлоридті оқшаулауды алу мен тарамды өңдеумен негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: