1
-
тәжірибе
Су құйылған стақанға бір уыс құрғақ топырақ сал. Суда көпіршіктер пайда болады?
•
Бұл топырақтың құрамында ________________ бар екенін білдіреді.
2
-
тәжірибе
Темір ыдысқа ылғалды топырақ салып, спиртшамның жалынына қыздыр. Үстіңгі жағына
салқын шыны ұстап көр. Біраз уақыттан соң шынының беті су болып, булана бастайды.
•
Бұл топырақтың құрамында ________________ бар екенін білдіреді.
3
-
тәжірибе
Топырақты одан әрі қыздыра түс. Одан топырақтың иістеніп, жанып жатқанын, түтін
шыққанын байқайсың.
•
Бұл топырақтың құрамында __________________________________ қалдықтары
бар екенін білдіреді.
4
-
тәжірибе
Жанып біткен топыраққа мұқият қара. Оның сұр түсті екенін байқадың ба? Топырақты су
құйылған стақанға салып, араластыр және тұндырып қой. Біраз уақыттан соң судың түбіне
жиналған заттарды байқайсың.
•
Бұл топырақтың құрамында ________________ бар екенін білдіреді.
5
-
тәжірибе
Стақандағы судың бірнеше тамшысын әйнектің бетіне тамызып, оттың үсіне ұстап тұрсаң,
судың буланып кеткенін және әйнектің бетінде ақ түсті дақ қалғандығын байқайсың.
•
Бұл топырақтың құрамында ________________ бар екенін білдіреді.
Дескриптор
Білім алушы:
-
тәжірибе нәтижесінде топырақтың құрамындағы заттарды
анықтайды.
40
Бөлімше: 3.4 Табиғат ресурстары
Оқу мақсаты
3.3.4.3
Топырақтың негізгі қасиеттерін анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Топырақтың негізгі қасиеттерін атайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Суреттердің көмегімен топырақтың қасиеттерін анықтап, сызбаға жаз.
Дескриптор
Білім алушы:
-
топырақтың қасиеттерін атайды.
41
|