94
Белгілері
Қатерсіз өспелер
Қатерлі өспелер
Өсу түрі
Экспансиялық өсу
Инфильтрациялық өсу
Өсу жылдамдығы
Баяу
Тез, жылдам
Айналасындағы
тіндермен шекарасы
Шекарасы анық байқалған
Шекарасы
байқалмайды
Строма және
паренхима
Стромалар басым
Паренхима басым
Атипизмі
Тек тіндік атипизмі бар
Айқын, жасушалық және
тіндік атипизмі бар
Саралануы
Морфологиялық саралануы
жеткілікті (жетілген өспелер)
Морфологиялық саралануы
жеткіліксіз (жетілмеген
өспелер)
Зат алмасуы
Зат алмасу өзгермеген
Зат алмасулық атипизм
тән
Иммунологиялық
ерекшеліктері
Қалыпты тіндерден
иммунологиялық
айырмашылығы жоқ
Иммунологиялық атипизмі
бар
Метастаз
Тән емес
Міндетті түрде болады
Қайталануы
Сирек болады
Жиі кездеседі
Жараға айналуы
Тән емес
Жиі кездеседі
Кахексия
Тән емес
Міндетті түрде болады
II.4-1 жағдаяттық тапсырма
Науқас В., 35 жаста, маммолог-онколог дәрігеріне оң жағындағы сүт безінде тығыз-
қатты, ауыратын түйін пайда болғанына шағымданып қаралды. Объективті:
оң жақтағы
сүт безінің, жоғарғы-сыртқы төртбұрышында, консистенциясы тығыз, домаланған,
шекарасы білінбейтін, көлемі 3 х 4 см түйін анықталды. Түйін
терімен және тері асты
тіндермен жабыспаған. Терісінің түсі өзгермеген, аймақтық лимфа түйіндерінің көлемі
ұстап тексергенде анықталмайды.
1.
Науқаста өспелік табиғаты бар аурудың белгілері бар ма ?
2.
Бұл жағдайды сүт безінде дамыған қандай- қатерлі немесе қатерсіз, өспе
деуге болады? Осы гипербиотикалық процестің сипатын анықтау үшін қандай
тексерулер жүргізу қажет?
3.
Қатерлі өспелер мен қатерсіз өспелердің негізгі айырмашылықтарын атап
өтіңіз.
II.4- 2 жағдаяттық тапсырма
Науқас С., 62 жаста, онкологиялық диспансерге төменгі ернінің обыры бойынша
хирургиялық ем жасату үшін түсті. Анамнезінен анық болғаны: науқас 14 жасынан темекі
тартады, күніне темекінің 30-40 данасын шегіп қояды. Объективті: төменгі
ернінде көлемі
95
3,0 х 2,5 см болатын, терісінің беті жараға айналған түйіндік құрылым
(
50 сурет
)
анықталды.
Иек асты, жақ асты лимфа түйіндері үлкейген, қатты, қозғалмалы,
ауырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: