96
1.
Науқаста пайда болған өспенің ықтималды себептері қандай? Осы
этиологиялық фактор канцерогендердің қандай тобына жатады?
2.
Хирургиялық емнің тиімділігін қандай фактор анықтауы мүмкін?
3.
Қатерлі өспелерге тән негізгі биологиялық ерекшеліктер қандай?
4.
Науқаста ісіктің дамуының мүмкін болатын себептері қандай?
II.4- 4 жағдаяттық тапсырма
Науқас З., 66 жаста, бұрын шахтер болып жұмыс істеген, клиникаға түскендегі
шағымдары: жалпы әлсіздік, тез арада жүдеп кеткендігі, тынысының тарылуы, құрғақ
жөтел, қан түкіру, кеуде тұсының ауруы. Анамнезінен - ұзақ уақыттан бері жөтелетіні,
бірақ темекі тартатын болғандықтан оған көңіл бөлмегендігі анықталды. Соңғы кездері,
жөтелдің сипаты өзгерген, ұстамалы жөтел өршіп, ентігу, көгеру дамыған, қақырығында
қан пайда болған. Объективті: кеудесі және бұғана үсті аймағы түсіңкі, мойынның лимфа
түйіндері үлкейген, ұстағанда қатты, ауырмайды. Қан талдамасыында айқын анемия
байқалды. Рентгенологиялық, эндоскопиялық және цитологиялық зерттеулер
жүргізілді
(
52 сурет
)
. Диагнозы: «Сол жақтағы өкпесінің орталықты обыры».
Достарыңызбен бөлісу: