сақтайды. 3 нуклеотидтың кезектестігі аРНҚ молекулаларында аминқышқылының нақты
түрін кодтайды. Бұл ақпаратты аРНҚ-ның кішігірім жасушасы ядродан ядролық саңылау
арқылы өтіп белок синтезделетін орын – рибосомаға жеркізеді. Сондықтан аРНҚ-ны кейде
материалдық деп атайды. Генетикалық код 1965-1967жж. Х. Г. Коронмен ашылған. Сол
үшін ол Нобель сыйлығының иегері атанған.
Тасымалдаушы РНҚ.
Белок синтезінде амин қышқылдарын рибосомаға
жеткізетін РНҚ-ны тасымалдаушы деп атайды. Бұл кішігірім жасушалар 3 нуклеотидтік
кезектестікті – антикодондарды өз шыңында тасымалдайды. Олардың көмегімен тРНҚ
комплементарлық принциптері бойынша аРНҚ-ның кодондарына жалғасады. тРНҚ
жасушасының қарама – қарсы ұшы аминқышқылдарына жалғасады. Бұнда тек бір нақты,
оның антикодондарына сай түрі ғана қатысады.
Рибосомалық РНҚ.
Рибосомалық РНҚ негізінен ядрошықта синтезделіп, РНҚ
жасушаларының 85-90% тұрады. Белоктар комплекісінде олар рибосома құрамына кіреді
жəне белок биосинтезінде аминқышқылдар арасындағы пептидтік байланыс синтезін
жүзеге асырады. Басқаша айтқанда, рибосома – бұл мəтіндерді ДНҚ мен РНҚ-ның
нуклеотидтік тілінен белоктардың аминқышқылдық тіліне аударатын молекулярлық
машина.
Достарыңызбен бөлісу: