РНҚ-ның ДНҚ-дан айырмашылығы. Мұның құрамында көмірсулы кұрамдас
белік ретінде - рибоза, ал азотты негіздер ретінде аденин, гуанин, урацил, цитозин болады
(тимин болмайды). РНҚ молекуласының ДНҚ молекуласынан айырмашылығы, оның əрбір
молекуласы бір желілі болып келеді. РНҚ жасушалардың ядросында емес, жасуша
цитоплазмасында болады.
Əрбір тізбек кəдімгі полинуклеотид болып саналады, онда нуклеотидтер фосфор
қышқылының қалдықтары арқылы өзара байланысқан. Сол себептен қос тізбекті
спиральдың ішінде азот негіздері орналасады. Углевод пен фосфат топтары спиральдың
сыртына орналасады.Тізбектер комплементарлы болып келетіндіктен, тізбектердің
біріндегі негіздердің орналасу реті əр түрлі болуы мүмкін, бірақ екінші тізбектегі
негіздердің орналасу реті бірінші тізбектегі негіздердің орналасу ретіне сəйкес келуі тиіс.
Бір тізбектегі аденин екінші тізбектегі тиминмен, гуанин цитозинмен байланысады.
Өзін өзі тексеруге арналған сұрақтар: 1.
Нуклеин қышкылдары қандай қызмет атқарады?
2.
РНК қандай түрлері болады?
3.
РНҚ-ның ДНҚ-дан қандай айырмашылығы болады?
Əдебиеттер: 1-7 (негізгі), 8- 16 (қосымша)
Бақылау сұрақтары:
1.ДНҚ құрылысындығы ерекшеліктері қандай.
2. ДНҚқандай түрлері болады
3. ДНҚ мен РНҚ- ның айырмашылығы неде?
Тəжірибелік сабақ Тақырып 6. РНҚ құрылысы жəне физико-химиялық құрамы
жəне олардың тұқымқуалаушылық ақпаратты іске асырудағы мəні.
Сабақтың мақсаты : РНҚ-ныі негізгі класстарының-аРНҚ,рРНҚ,тРНҚ, құрылысы
мен құрамы. РНҚ қызметі жəне оның тұқымқуалаушылық ақпаратты іске асырудағы мəні,
физико-химиялық құрамы.
1.
РНҚ құрамын зерттеу
2.
РНҚ қызметін жəне физико-химиялық құрамын зерттеу.
3.
РНҚ-ныі негізгі класстарының-аРНҚ,рРНҚ,тРНҚ, құрылысы мен құрамы
менгеру.
1 тапсырма . РНҚ құрамын зерттеу