Пайдаланатың құралдар: проектор, слайдтар
Белок синтезі - өте күрделі процесс. Белок синтезінің негізінде жатқан
молекулалық процестер өте күрделі. Олардың көпшілігі жазылып суреттелгенмен толық
мазмұнын, айталық транскрипция, репарация жəне ДНҚ-ның репликациясы тəрізді
түсіндіру əзір мүмкін емес. Мысалы, белок синтезінде РНҚ молекулаларының кез келген
бір класы емес, үш класы (иРНҚ, тРНҚ жəне рРНҚ) қатысады, бірақ неге бұлай болатыны
айқын түсінікті емес. Сондықтан белок синтезінің егжей-тегжей негізінен, əлі де белгілі
бір теорияда жалпыланбаған жалаң факты ретінде қабылдауымыз керек.
Белок синтезінің процесінде басты агент ролін тРНҚ молекулалары атқарады.
Оларға полимеризацияланбай тұрып, яғни полипептидтерге бірікпей тұрып, амин
қышқылдары жалғасады. тРНҚ-ның молекуласына карбоксилдік ұшымен қосыла отырып,
амин қышқылдары белсенді түрде энергияға бай түрге айнала ды, ол өз бетімен пептидтік
байланыс түзе алады, сөйтіп полипептидтерді синтездеуге мүмкіндік туады. Бұл
белсенділік процесі - белок синтезіне қажетті кезең, себебі бос амин қышқылдары
полипептидтік тізбекке тікелей жалғаса алмайды. Өсіп келе жатқан полипептидтік тізбекке
дəл сол амин қышқылы қосылуы керектігі амин қышқылына байланысты емес, оны тіркеп
алған тРНҚ молекуласына тəуелді. Мұны бір ерекше əсем тəжірибенің көмегімен
анықтауға мүмкін болды, онда ерекше тРНҚ-ға жалғанған амин қышқылын химиялық
əдіспен басқа амин қышқылына (цистеинді аланинге) айналдырған. Кейін мұндай будан
молекулалар клеткасыз жүйеде жұмыс істегенде, дұрыс емес амин қышқылы белок
тізбегіне сол тРНҚ "қызмет" жасағанда үнемі қосылып отырған.
Белоктардың синтезделуі негізінен екі кезеңнен тұрады:
1. Ядролық кезең немесе транскрипция. Мұнда ДНҚ қос тізбегінің біреуінің
комплементарлы көшірмесі болып табылатын и-РНҚ синтезі жүреді. Осы жолмен
синтезделген и-РНҚ əрі қарай синтезделетін белоктың негізі болып табылады.
2. Цитоплазмалық кезең яғни трансляция. Цитоплазмада 4 əріптік генетикалық
информацияның триплеттік кодтың көмегімен 20 əріптік амин қышқылдарынан тұратын
белоктың тізбегіне айналу процесі жүреді.
Сонымен бірге онда белоктардың үшінші, төртінші реттік құрылысының кеңістікте
орын алуы жəне олардың клетка метаболизміне тікелей қатынасуына мүмкіндік туады.
Осы айтылған əрбір кезеңге қажет өзінің ферменттері, факторлары, индукторларымен
тежеушілері болады. Клеткасыз жүйелер тіршілігін зерттеу осы факторларды ашуға
мүмкіндік туғызды. Бұл қандай факторлар?
1.Белоктардың синтезі рибосомада жүреді;
2. Белоктардың синтезі үшін қажет энергия АТФ жəне ГТФ арқылы қамтамасыз
етіледі, айта кету керек, бір пептидтік байланыс түзілу үшін 4 макроэргтік қосылыс қажет;
3.20-ға жуық амин қышқылдары;
4.20-дан астам аминоацил -т-РНҚ синтетаза ферменті;
5.20-ға жуық т-РНҚ;
6.Мg
2+
ионы, конц 5-8
тМ қажет.
Сонымен барлығы 200-ге жуық макромолекулалар,белоктық факторлар қажет: