Даму тарихы: Молекулалық биология ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап
ғылымның дамуында ерекше орын алды. Оның дүниеге келуі жəне кейінгі кезеңде
қарқынды дамуы бүкіл биологияны алдыңғы қатарлы жəне кең тараған ғылымдар
саласына қосты.
Биохимияның бір саласы ретінде дүниге келген молекулалық биология генетика
жəне физиканың əдістеріарқылы жылдам дамыды.
Бұл ғылымның атауын 1939 жылы өзін «молекулалық биолог» деп атаған У.
Эстбюримен байланыстырады. Ал екі жылдан кейін ол ДНҚ-ң алғашқы
рентгеннограммасын жасады жəне осы арқылы 1869 Ф.Мишер ашқан ДНҚ
молекуласының нəзік құрылымын анықтаудың негізін салды.
1953 жылы ағылшын ғалымы Ф.Крик жəне АҚШ биологы Дж. Уотсон ДНҚ
макромолекуласының құрылымының кеңістіктік моделін жасауы – молекулалық биология
ғылымының өз алдына жеке ғылым болып қалыптасуына негіз болды.Бұл жаңа сала өзінің
дамуына физиктер мен химиктерге борышты, себебі олар биохимиялық мəселелерді шешу
үшін əр түрлі екі жақтан кіріскен. Олардың біреулері физикалық əдістерді, əсіресе
рентгенқұрылымдық талдауды, биологиялық жағынан аса маңызды макромолеулалардың
кеңістіктегі құрылымын анықтауға қолдануға тырысты.
Екінші бағыттағы зерттеушілер генетикалықпроцестердің молекулалық механизмін
бактериялар мен вирустарды зерттеу нəтижелеріне сүйене отырып анықтаған. Бұл "фагтық
мектеп" деп аталатын топ Дельбрюк жəне Лурияның атымен байланысты. Мұнда зор
табыстардың бірі О.Т. Эйвери,К. Мак-Леод, М. Мак-Картидің генетикалық ақпараттың
иесі белок емес ДНҚ екенін дəлелдеулері еді.
Ал осы биологиялық мəселерді əртүрлі екі тəсілдерді біріктіру арқылы шешу физик
Ф.Крик мен биолог Д.Уотсонға ДНҚ-ның қос шиыршығын 1953 жылы ашуға мүмкінді
берді.
ХХ ғасырдың 50 жылдарының басында биохимияда ақуыздар мен нуклеин
қышқылдарының қарапайым құрылымы туралы мəліметтер ашылды, ДНҚ мен РНҚ
молекуласындағы нулеотидтердің саны, құрылымы жəне орналасу заңдылығы анықталды.
ДНҚ-ң қос шиыршықты моделінің жасалуы жəне комплементарлық принципінің ашылуы
қазіргі заманғы биологияның маңызды жаңалықтары болды. Бұл жаңалықтар тірі жүйелер
əрекетінің негізгі принциптерін ашты жəне қазіргі заманғы биологияның одан ары
қарайғы зерттеулерін анықтады.
Қазіргі жаратылыстану ғылымдарыныңмолекулалық биологиясың алдында
қарыздар болуының себебі, молекулалық биолгияда ХХ ғасырдың 50 жылдарының
ортасынан 70 жылдардың ортасына дейінгі кезеңдерде гентикалық ақпараттардың тұқым
қуалауы жəне олардың ұрпақтан ұрпаққа берілуінің негізгі жолдары мен табиғатының
ақылға сыймастай жылдамдықпен анықталуы болып есептеледі.