құрылысындағы домендер жəне олардың функциональдық рөлі. Глобулярлық жəне
фибриллярлық ақуыздар.
Пайдаланатың құралдар:
проектор, слайдтар
Ақуыздар
– пептидтік байланыспен байланысқан амин қышқылдарының
қалдықтарынан тұратын макромолекулалық биополимерлер.
Белоктардың жіктелуі:
1)күрделілік дəрежесіне қарай (қарапайым жəне күрделі),
қарапайым протеиндер
тек қана аминқышқылдары қалдықтарынан тұрады, күрделі протеидтер құрамына белокты
заттардан басқа қосылыстардың қалдықтары кіреді;
2)
молекула пішіиіне қарай
(шар тəрізді жəне жіп тəрізді);
3)
кейбір еріткіштерде еру қабілетіне қарай
(суда еритіндер, əлсіз түз
ерітінділерінде
еритіндер - альбуминдер, спиртте еритіндер - проламиндер,
сұйытылған
қышқыл жəне сілті ерітінділерінде еритіндер глутелиндер);
4)
атқаратын қызметтеріне қарай
(қорға
жиналатын белоктар, тірек қызметін
атқаратын белоктар).
Күрделі белоктардың ерекшеліктері:
Нуклеопротеидтер.
Бұлар белоктан жəне нуклейн қышқылдарынан тұрады.
Нуклеопротейндердің құрамына дизоксинуклейн немесе
рибонуклейн қышқылдарының
кіруіне
байланысты
екіге
бөлінеді
дизоксирибонуклеопротеидер
жəне
рибонуклеопротеиндер. Нуклеопротеиндердің құрамында көп мөлшерде фосфор
қышқылының
қалдығы болуына байланысты, олар əлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді.
Суда жəне сілтілік ертіндісінде жақсы ериді.
Хромопротеидтер.
Белоктардың простетикалық бөлігі түрлі-түсті бояғыш
заттардан тұрса, олар хромопротеиндер тобына жатады.
Бояғыш заттар қатарына
порфирин, флавин, аденин динуклеотид (ФАД)жатады. Хромопротейн өкілі ретіінде, қан
гемоглобинін, хлорофил т.б атауға болады. Қан гемоглобині-құрамында
Fe ионы бар, О2
жəне СО2 тасымалдаушы белок.
Достарыңызбен бөлісу: