«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-iii қазақстан Республикасының Заңы



Pdf көрінісі
бет46/90
Дата04.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#122228
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90
Байланысты:
2007.27.07-319-III-R-ZA-Y

4-тарау. Білім беру мазмұны
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 13-бап өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
13-бап.
Білім беру мазмұнының ұғымы 
Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру 
үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі 
(кешені). 
Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары 
негізінде әзірленетін жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларымен 
айқындалады. 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 14-бап өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
14-бап.
Білім беру бағдарламалары 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 
(
бұр.ред.қара
); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 (
бұр.ред.қара
) 1-тармақ өзгертілді
1. Білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағыттарына (міндеттеріне) қатысты: 
1) жалпы білім беретін (үлгілік, жұмыстық); 
2) кәсіптік (үлгілік, жұмыстық); 
3) қосымша болып бөлінеді. 
Үлгілік оқу бағдарламалары мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандарттарының талаптарына сәйкес әзірленеді. 
Жұмыстық оқу бағдарламалары тиісті үлгілік оқу жоспарларының және (немесе) 
үлгілік оқу бағдарламаларының негізінде әзірленеді. 
Жалпы білім беретін пәндер циклінің жұмыс оқу бағдарламаларын қоспағанда, жұмыс 
оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын жоғары және жоғары оқу орнынан 
кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары негізінде жоғары және (немесе) жоғары оқу 
орнынан кейінгі білім беру ұйымдары әзірлейді. 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 2-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
2. Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары жеке адамның жалпы мәдениетін 
қалыптастырудың, жеке адамды қоғамдағы өмірге бейімдеудің міндеттерін шешуге, 
кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдау мен меңгеру үшін негіз жасауға бағытталған. 
Жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына қарай мынадай оқу 
бағдарламаларына: 
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; 


Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ 
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
47 
2) бастауыш білім беру; 
3) негізгі орта білім беру; 
4) жалпы орта білім беру болып бөлінеді. 
Дарынды адамдардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық дамыту үшін оқу 
бағдарламасының жекелеген пәндерін тереңдетіп оқытуды көздейтін мамандандырылған 
жалпы білім беретін оқу бағдарламалары әзірленеді. 
Адамдардың жекелеген санаттары үшін психологиялық-медициналық-педагогтік 
консультациялардың ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын, білім алушылар мен 
тәрбиеленушілердің даму және әлеуеттік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері ескерілетін 
арнайы оқу бағдарламалары әзірленеді. 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
3-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
); 2018.04.07. 
№ 171-VІ ҚР 
Заңымен
 (
бұр.ред.қара
) 3-тармақ өзгертілді
3. Білім беру бағдарламалары экономика салаларындағы кәсiптiк қызмет бағыттары 
бойынша білікті кадрлар, оның ішінде жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын 
даярлауға, жеке бастың кәсiптiк және жалпы бiлiм деңгейiн дәйекті түрде арттыруға 
бағытталған. 
Кәсіптік бағдарламалар мазмұнына қарай: 
1) техникалық және кәсiптiк бiлiмнің; 
2) орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің; 
3) жоғары бiлiмнің; 
4) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларына бөлiнедi. 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 4-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
4. Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі билеуін, 
шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, 
азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос 
уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді. 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 5-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
5. Оқытудың жаңа технологияларын сынақтан өткізу, білім берудің жаңа мазмұнын 
енгізу үшін эксперимент режимінде (эксперименттік алаңдарда) жұмыс істейтін білім беру 
ұйымдарында іске асырылатын эксперименттік білім беру бағдарламалары әзірленеді. 
2012.10.07. № 36-V ҚР 
Заңымен
 6-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
); 2015.13.11. № 
398-V ҚР 
Заңымен
 6-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
6. Интеграцияланған білім беру бағдарламаларын бiлiм беру ұйымдары әзiрлейдi. 
Интеграцияланған білім беру бағдарламалары пәнаралық және деңгейаралық, жоғары 
және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары аралық және 
халықаралық болуы мүмкiн. 
7. 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен алып тасталды 
(
бұр.ред.қара
)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 8-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
8. Медициналық және фармацевтік мамандықтар бойынша үлгілік оқу 
бағдарламаларын бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша денсаулық 
сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 
2015.13.01. № 276-V ҚР 
Заңымен
 8-1-тармақпен толықтырылды
8-1. Су көлігі саласындағы мамандықтар бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын білім 
беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сауда мақсатында теңізде жүзу 
саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган бекітеді. 
2011.19.01. № 395-IV ҚР 
Заңымен
 9-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
); 2015.13.11. 
№ 398-V ҚР 
Заңымен
 9-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
9. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, білім беру ұйымы 
лицензиясы болған жағдайда әртүрлi деңгейдегi білім беру бағдарламаларын iске асыруға 
құқылы. 


Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ 
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
48 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет