«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-iii қазақстан Республикасының Заңы



Pdf көрінісі
бет47/90
Дата04.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#122228
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   90
Байланысты:
2007.27.07-319-III-R-ZA-Y

15-бап. 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу 
бағдарламалары 
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іс-
әрекет түрлерінің мектеп жасына дейінгі балалар үшін ерекшеліктерін ескере отырып, 
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 
негізінде әзірленеді. 
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары: 
1) балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру тұтастығы принциптерін 
ескере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен 
үздіксіздігін қамтамасыз етеді; 
2) әр баланың талабын, бейімділігін, қабілеттілігін, дарындылығын іске асыруға және 
оның даму ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, дара әдіс негізінде оны 
бастауыш білім берудің білім беру бағдарламасын меңгеруге даярлауға бағдарланады; 
3. Мектепке дейінгі оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары оқудың, 
жазудың, есептеудің және тілдік қатынас тәжірибесінің қарапайым дағдыларын 
қалыптастырады және бастауыш білім беруді меңгеру үшін бірдей бастапқы жағдайларды 
жасауды көздейді. 
16-бап.
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу 
бағдарламалары 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 
(
бұр.ред.қара
) 1-тармақ өзгертілді
1. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке 
басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен 
алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін 
оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі 
көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған. 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 
(
бұр.ред.қара
) 2-тармақ өзгертілді
2. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім 
алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында 
тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке 
адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады. 
Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейін алды даярлығын 
қамтиды. 
Әрбір пәннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады. 
Негiзгi орта бiлiм берудің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзiмi - 
бес жыл. 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 
(
бұр.ред.қара
) 3-тармақ өзгертілді
3. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бейіндік оқытуды 
енгізе отырып, білім беру мазмұнын саралау, интеграциялау және кәсіптік бағдарлау 
негізінде әзірленеді. 
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі - екі 
жыл. 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 17-бап жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
); 2015.13.11. № 
398-V ҚР 
Заңымен
 17-бап өзгертілді (
бұр.ред.қара
)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет