Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
63
Конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтарымен
тағылымдамадан өту туралы шарт жасалады.
2015.13.11. № 398-V ҚР
Заңымен
7-тармақпен толықтырылды
7. «Болашақ» халықаралық стипендиясын әкімшілендіру жөніндегі іс-шаралар
кешенін жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құрған ұйым:
1) «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша іс-шараларды ақпараттық қолдап
отыруды жүргізеді;
2) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға үміткерлердің
құжаттарын
қабылдауды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;
3) үміткерлерді конкурстық негізде іріктеуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар
кешенін жүзеге асырады;
4) оқыту, кепіл және (немесе) кепілдік шарттарын жасасады;
5) стипендиаттардың академиялық оқытылуы мен тағылымдамадан өтуін
ұйымдастыруды және оның мониторингін жүзеге асырады;
6) оқытуды және тағылымдамадан өтуді ұйымдастыруға
байланысты шығыстарды
қаржыландыруды қамтамасыз етеді;
7) шарттың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыспен өтеу бөлігіндегі
талаптарын стипендиаттардың орындауына мониторингті жүзеге асырады;
8) халықаралық әріптестермен, шетелдік оқу орындарымен
стипендиаттардың оқуын
ұйымдастыруға арналған шарттар жасасады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР
Заңымен
37-1-баппен толықтырылды
Достарыңызбен бөлісу: