6.10-сурет
. Жол қиылысының варианттары
Екінші жағдайда жанасу бұрышты дұрыс таңдау және үдеу жолы болу
арқылы жүргізушілер керекті жағдайда «тура қақтығыстан кете» алады. Онан
әрі трасса бойынша сақиналы шешілу салыну мүмкін. Жобаушылар оның да
қауіпсіздік дәрежесіне «қанағаттанарлық» баға қойды, ал шешімнің құны
«жоғары».
Үшінші вариант бір жолдың үстінен кӛпір салуды болжайды.
Жобалаушылар соңғы вариантты «ең қауіпсіз, бірақ қымбат» деп бағалады
және тәуір кӛрінетін деп есептеді.
Компьютерде модельдік сынау келесі қадамдардан тұрады:
1. БҚ-нан керекті фрейм-үлгілерді таңдау: «сиыр», «ат», «тойота»,
«мерседес», «опель» және т.б.
2. Қиылыстың берілген геометриясына кӛрсетілген фреймдер салынды,
мына шарттарға сәйкес:
2.1. қозғалыс тәртібін бұзбау / бұзу;
2.2. ауа райы жайлы / жайлы емес;
2.3. транспорт құралдардың техникалық күйі жақсы / нашар.
3. Фреймдерге «модельдеуді бастау» деген хабарлама жіберіледі. Әрбір
фрейм кейбір амал ретінде істей бастайды: кӛліктер кейбір жылдамдықпен
қозғалады, сиырлар жолдан кенет жүгіріп ӛте бастайды. Ұзақ модельдеуден
кейін жағдай белгілі бір тұрақты күйге келеді. Соңғы кезеңде модельден
статикалық сипаттамаларын түсіріп алады: тәулік бойы апаттар саны, нақты
ӛткізу қабілеті және т.б.
Келтірілген статикалық сынау кӛрсетті – жол тәртібі ережелерін
бұзбаса және техникалық күйі ӛте жақсы болса, қауіпсіздіктің ең жоғары
сипаттамалыры 3 вариантта болады.
64
Жол тәртібі ережелерін бұзбаса және техникалық күйі нашар болса,
қауіпсіздіктің ең жоғары сипаттамалары 1 вариантта болады.
2 варианттың (1 вариантпен салыстырғанда) жоғары ӛткізу қабілеті
бар, бірақ қозғалыс қауіпсіздігі жылдамдыққа қатты тәуелді, 60 км/сағ
шектен асқанда 2 вариант (1 вариантпен салыстырғанда) кӛп апаттарға
келтіреді.
Берілген жерде автокӛліктің негізгі паркінің салынған кезеңі 8 жылдан
асқанын еске алатын болсақ, онда салуға 2 вариантты ұсыну керек.
Фреймды модельдің бір қатар сӛзсіз артықшылықтары бар. Біріншіден,
бұл теориялық жақсы негізделген тереңдік модель. Оның тәжірибелік жүзеге
асыруы – микроәлемдерді құру. Осыған байланысты фреймды модель
жүйенің ӛлшемдігі бойынша қолдану шегін жылжыта алады.
Фреймды модель нақты әлемнің объектілер иерархиясын жақсы
жүйелендіре алады. Модель кӛп бағдарламау тілдерде және білімдерді ұсыну
арнайы тілдерде (FRL — Frame Representation Language) жүзеге асырылған,
бір қатар танымалы сараптамалық жүйелерде ойдағыдай пайдаланылған:
ANALYST, МОДИС және т.б.
Модельдің кемшіліктеріне: екі объект арасында үлкен деректермен
алмасуда пайда болатын кейбір қиыншылықтар жатады. Айта кетейік, М.
Мински суреттеген классикалық фреймде ешқандай алмасу болмайды.
|