69
туралы
білімдерді пайдаланып, желі бойынша іздестіруді жүзеге асыруға
болады. Мысалы, «Куин Мериде бу қазандары орны бар» деректі орнату
үшін.
Семантикалық желілердің бірнеше топтамасын енгізуге болады.
Мысалы, қатынас типтерінің саны бойынша:
біртекті (бір ғана қатынас типі бар);
біртекті емес (әртүрлі қатынас типтері бар).
Қатынас типтері бойынша:
бинарлы (қатынастар екі объекті байланыстырады);
n
-арлы (екі ұғымдардан артық байланыстыратын
арнайы қатынастар,
мысалы «үшбұрыш»).
Семантикалық желілерде ең жиі келесі қатынастар пайдалынады:
«бӛлік - бүтін» типті байланыстар («класс – бағыныңқы класс», «элемент –
кӛптік» және т.с.с.);
функционалды байланыстар (әдетте «жасайды», «ықпал етеді»,...
етістіктермен анықталатын);
сандық (артық, кем, тең,...);
кеңістік (алыс, жақын, артында, астында, үстінде,...);
уақытша (бұрын, кейін, барысында,...);
атрибутивті байланыстар (қасиеті бар, мәні бар,...);
логикалық байланыстар (және, немесе, жоқ) және басқалар.
Семантикалық желілер пәндік сала туралы білімді ұсынудың ең сәтті
әдісі болып табылады. Күрделі грамматикалық сӛйлемдерді ұсыну үшін
табиғи тіл бойынша ғылыми жұмыстарда пайдалынады.
Модельдің тәжірибелік қосымшаларын қарастырайық:
1. Патрик Уинстон (Patrick Winston) кейбір объектінің «концепін»
автоматты жасау үшін программа жасады (
7.6-сурет
). Ол «концепт» идеясың
арка сияқты физикалық құрылымды бейнелеу мысалында кӛрсетті (
7.5-
сурет
). «Концепт» шынында «фрейм» ұғымына (М. Мински енгізген) ӛте
жақын, бірақ ахуалдың ӛзгеру динамикасы (хабарлама мен алмасу) еске
алынбайды.
2. Джейм Карбонел (Jaime Carbonell) Оңтүстік Американың
географиясың зерттеуге арналған SCHOLAR оқыту-сараптамалық жүйесін
жасады. Осындай жүйелерден кейін қазіргі географиялық ақпаратты жүйелер
шықты.
3. Хайдерн PLNLP (Programming Language
for Natural Language
Processing) жасады – табиғи тілді ӛндеу үшін бағдарламау тілі (екі сӛйлемнің
ұқсастығын талдау есебі,
7.3-сурет
; дербес жағдай – бір сӛйлем басқа
сӛйлемнің бӛлігі болып табылады). PLNLP келесі ережелер бойынша жұмыс
істейді:
декодтау ережелер кӛмегімен сызықты тіл тізбегінің синтаксистік талдауы
жүргізіледі және желі салынады;
кодтау ережелер кӛмегімен
желі сканерленеді, тіл тізбегі немесе
ӛзгертілген басқа желі тудырады.