67
7.3-сурет
. Күрделі сӛйлемді: «Гүлжанға сыйлығын
бергенін, Сәкен Әйгерімге айтты» семантикалық желі
түрінде кӛрсету; бағыныңқы желі «Сәкен Гүлжанға сыйлық берді»
7.4-сурет
. Семантикалық желі «автомобиль» және бағыныңқы желі «мотор доңғалақтарға күш береді»
Шыңдар мен доғаларға қойылатын шектеулерге тәуелді желілердің
әртүрлі типтері пайда болады. Егер желі шыңдарының ішкі құрылымы
болмаса,
онда осындай желілер
қарапайым желілер
деп аталады. Егер
шыңдардың ішкі құрылымы бар болса, онда желі
иерархиялық
деп аталады.
Динамикалық семантикалық желілер (сценарийлер) – оқиғалары бар желілер.
Семантикалық желінің қарапайым желінен негізгі айырмашылығы – желіні
бағыныңқы желілерге бӛлу және шыңдар арасында ғана емес,
бағыныңқы
желілер арасында да қатынастарды анықтау мүмкіндігі. Желіде болатын
әртүрлі бағыныңқы желілер, бағыныңқы желілердің ағашы түрінде
реттелу
мүмкін, оның шыңдары - бағыныңқы желі, ал доғалары – кӛріну
қатынастары. Бағыныңқы желі ұғымы математикадағы жақшалар ұғымына
ұқсас, кӛріну ұғымы – жақшаның ішінде
және сыртында болатын
айнымалылар ұғымына ұқсас.
Семантикалық желі кӛмегімен «Арка» деген техникалық объектіні
сипаттайық – бір бірімен жанаспайтың екі тіректерге сүйенетін кӛпір ағаш
(
7.5-сурет
). Формалды түрде бұл желіні былайша бейнелеуге болады: