29
су — сұйық, оттек — газ, ас тұзы — қатты
зат. Заттардың қатты,
сұйық және газ
тәрізді күйлері
агрегаттық күй
деп аталады
(14сурет). Қатты, сұйық және газ күйіндегі
заттардың құрылысы қандай болуы мүмкін?
Құрылысының ерекшелігіне байланысты
заттардың қасиеттері қандай болады?
Тоңазытқыштан алдын ала дайындалған
мұз кесегін алып, оны мөлдір, температураға
төзімді ыдысқа салып қыздыруды бастаймыз.
Қыздырғанда
мұз біртіндеп еріп суға
айналады. Бұл кезде зат қатты күйден
сұйық күйге ауысады.
Бұл процесс
áалқó
деп аталады.
Егер сұйықтықты бірнеше
минут қайнатсақ, оның көлемі азаяды. Бұл
процесс
қаéíаó
деп аталады. Су қайда кетті?
Ол буға айналады — бу көзге көрінбейді.
Егер ыдысқа су құйып қалдырсақ, ол да
қайнамайақ буға айналады. Бұл процесс
áóлаíó
деп аталады және ұзаққа созылады.
Су буы — судың үш күйінің бірі. Су кәдімгі
жағдайда бір мезгілде қатты,
сұйық және
газ күйінде бола алады. Кез келген зат іс
жүзінде әртүрлі агрегаттық күйде кездеседі,
тек оларды бақылау өте қиын.
•
Агрегаттық күйлер
•
Балқу
•
Қайнау
•
Булану
•
Конденсация
•
Сублимация
•
Десублимация
Тірек сөздер
Ойлан!
•
Табиғатта су
буланғанда не
пайда
болғанын байқаймыз?
à
) қатты
ә
) сұйық
á
) газ тәрізді
14-сурет.
Заттардың агрегаттық күйлері
Достарыңызбен бөлісу: