Оқулық Қазақстан Ðеспóбликасының Áілім æәне ғылым министрлігі бекіткен



Pdf көрінісі
бет20/94
Дата15.11.2023
өлшемі3,52 Mb.
#122605
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   94
Байланысты:
7 сынып химия оқулығы

Заттардың газ тәрізді күйі
Газ молекулаларының арақашықтығы олардың өз өлшемдерінен 
әл деқайда үлкен болады, олар бір­біріне тар тылмайды және 
еркін қоз ғалады (15, 
á
­сурет). Сондықтан газдар кеңістікті түгел 
толтырады, пішіні болмайды және оңай сығылады. 
Газдың молекулалары өте жоғары жыл дамдықпен қозғалады. 
Èіссумен жасалған диффузияны бақылау құбылысы осыны дәлел­
дейді.
Газ молекулаларының жылдамдығы газ табиғатына ғана емес, 
сондай­ақ температураға да тәуелді. Температураны арт тырғанда 
молекулалар жылдамдығы да жоғарылайды.
Заттардың агрегаттық күйлерінің өзгеруі
Затты бір күйден екінші бір күйге қалай ауыстыруға болады? 
Мұндай өзгерістерді жүргізу үшін белгілі бір жағдайлар жасау керек.
Мысалы, мұз еру үшін оны алдымен бал қу температурасына 
дейін (0°С) қыздыру қа жет. Тоңазытқыштан алған мұздың бірден 
еріп кетпейтінін байқағанбыз, бұл — оның 
бастапқы температурасы
 
0°С­тан төмен болған 
деген сөз. ßғни, біз оны алдымен көрсетіл ген 
тем ператураға дейін қыздырамыз. Буға тезі­
рек айналдыру үшін суды қайнату қажет. Су
100°С­та қайнайды.
Кез келген заттың өзіне тән қайнау және 
балқу температурасы болады. Мысалы, 
оттек қатты күйден сұйық күйге –218°С­та 
айналады, ал балқу температурасы ең төмен 
гелий –272°С­та балқиды. Ең қиын балқитын 
металл — âольфрам, оны балқыту үшін 
3410°С­қа дейін қыздыру қажет. Ең оңай 
балқитын металл — сынап (–39°С) (3­кесте).
Ойлан!
• 
Кәдімгі жағдайда бір 
уақытта үш күйде бола 
алатын затты атаңдар.
• 
Егер ғарышкер ғарыш 
кемесінен ашық 
кеңістікке шыққанда 
суы бар ыдыстың 
қақпағын ашса не 
болады?

êåñòå 
Заттардың балқу және қайнау температурасы
Зат
Балқу температурасы
Қайнау температурасы
гелий
–272°С
–269°С
оттек
–218°С
–183°С
су
0°С
100°С
алюминий
660°С
2467°С
âольфрам
3410°С
5555°С


32
Егер кейбір заттардың қайнау темпе ратураларын қарастырсақ, 
онда біз гелий дің қайнау температурасы рекордтық темпе ратураға 
(–269°С) ие екенін көреміз, ол осы температурада сұйық күйден 
газға айналады, азот –196°С, ал оттек –183°С­та қайнайды. Мұндай 
температураға жету өте қиын. Табиғи жағдайларда мұндай төмен 
температура болмайды. Сондықтан біз бұл заттарды тек қана газ 
күйінде кездестіреміз. Âольфрамның қайнау температурасы ең 
жоғары — 5555°С.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет