Өте маңызды
Заттардың агрегаттық күйлері қатты, сұйық, газ
тәрізді болады. Кез келген зат іс жүзінде әртүрлі
агрегаттық күйде бола алады, тек оларды бақылау
өте қиын. Қатты заттардың молекулалары бір
біріне жақын орналасқан. Қатты заттар пішіні мен
көлемін сақтайды. Сұйық заттардың молекулалары
қозғалғыш болады, сондықтан пішінін сақтай
алмай ды. Олар ағады және оңай құйылады, бірақ
көле мін сақтап, құйылған
ыдыстың пішініне ие
бола ды. Газ молекулаларының арақашықтығы
олар дың өлшемдерінен әлдеқайда үлкен болады.
Газ молекулалары еркін қозғалып, кеңістікті түгел
тол тырады, сондықтан газдың пішіні болмайды және
жақсы сығылады.