42
Атомдардың бір түрінен түзілген заттар
жай заттар
деп аталады. Мысалы: мыс,
темір, күкірт, оттек, сутек т.б.
Атомдардың әр түрінен түзілген заттар
күрделі заттар
деп аталады. Оларға қант, су,
сода мысал бола алады.
Күрделі заттар химиялық қосылыстар
деп аталады. Егер темір мен күкірт ұнтағын
араластырсақ, жай заттардың қоспасы
түзі леді. Қоспада
әр зат өзінің қасиетін
сақтайды. Егер бұл қоспаны қыздырса,
темір мен күкірт атомдары қосылып, күр-
делі зат — темір сульфиді түзіледі. Оның
молекуласы әртүрлі атомдардан —
темір-
ден және күкірттен тұрады. Түзілген зат
химиялық қосылысқа жатады және оның
қасиеті бастапқы темір мен күкірттің қа-
сиетіне мүлде ұқсамайды.
Джон Дальтон
(1766—1844)
Ағылшын физигі және химигі. Қыздырғанда газдардың
бір келкі ұлғаю заңын және еселі қатынас заңын ашты. Зат
құрылы сының атомдық теориясын жасады.
Біліміңді тексер
1.
Атом және молекула ұғымдарының айырмашылығы неде?
2.
Мына тұжырымдарды дәлелдейтін қандай тәжірибелерді білесің?
а)
заттар
молекулалардан тұрады;
ә)
молекулалар атомдардан түзі леді.
3.
Жай заттардың күрделі заттардан қандай айырмашылықтары бар?
4.
Сөз тіркестерінің қайсысы дұрыс?
а)
ауа
молекуласы;
ә)
сүт молекуласы;
б)
гелий атомы;
в)
Достарыңызбен бөлісу: