Ғылымиәдістің негізгі мақсаттары - объективтік ақиқатты ашу. Зерттеудің
нәтижесі де, оған апаратын жол да, әдіс те ақиқат болуы қажет. Əдістің негізінде белгілі бір
білімдер (ұғымдар мен заңдар) жүйесі жатады. Мысалы, әрбір элементтің езіндік спектрі
барлығын физика ғылымы ашқаны мәлім. Мұның өзі физикада бұдан бұрын қалыптасқан,
спектральдық анализ әдісі негізінде ғана мүмкін болды, демек әдістің ақиқаттылығы оның
негізінде жатқан теорияның ақиқатына байланысты. Зерттелетін пәннің ішкі құрылымы
езіне сәйкес келетін әдіс болуын талап етеді, алайда олардың арасында толық сәйкестік,
абсолюттіктепе-теңдік бола бермейді. Əдіс пән ерекшелігі арқылы анықталғанымен, олар
бір-бірімен қарама-қайшылықта болады. Əдіс пен пәннің толық сәйкес келуі субъектінің
объектіге біртіндеп шексіз жақындауы нәтижесінде болуы мүмкін. Сонымен жалпы
ғылыми әдістер ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады:
анализ - жан-жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге (жақтарына,
белгілеріне, қасиеттеріне және т.б.) бөлу;
синтез - заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру;
абстракциялау - зерттеліп отырған құбылыстың қажетті емес қасиеттері мен қарым-
қатынастарынан зерттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу;
жалпылау - объектілердің жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін
ойлау әдісі;
индукция - жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін зерттеу
мен талқылау әдісі;
дедукция - жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі;
аналогия - объектілердің бірдей белгілерінің ұқсастығы негізінде олардың ұқсастығы
туралы айтуға үмкіндік беретін таным әдісі, басқаша айтқанда, аналогия - ғылымның бір
саласындағы қатынастардың, оның екінші саласына транспозициялануы, мысалы: тарихи
аналогия, кеңістіктік аналогия және т.б
классификация - зерттелетін пәннің зерттеушіге қажетті маңызды белгілері бойынша
түрлі топтарға бөлу (әсіресе, биология, геология, география, кристаллография т.б.
ғылымдардың түрлі бөлімдері);