Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік



Pdf көрінісі
бет6/48
Дата15.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#122711
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
6. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Формалды
Академиялық жазылым барысында әр түрлі қысқарған сөздер мен диалект
жаргон және т.б. сияқты ауызекі сөйлеу барысында кездесетін сөздерді қолдануға 
болмайды.
Нақты. 
Академиялық жазылымда ақпаратты қолдану ба- рысында нақты мәлімет беруге 
тырысыңыз. Мысалы, «көптеген адамдар» деген мәліметті қолданбай, оның орнына «50 
мың адам» деп нақты санын көрсету қажет.


Объективті. 
Академиялық бағытта жазылатын жұмыс субъ- ективті пікір ұстанбауы тиіс. 
Яғни, біржақты немесе қандайда бір ұстанымды насихаттауға бағытталмауы тиіс. 
Жұмыстың мақсаты тек ғылыми негіздерге ғана сүйену арқылы тұжырым жасау болып 
табылады. Сонымен қатар, академиялық мәтінді оқу барысында оқырманды автордың не 
жасағаны емес, жұмыс бойынша не жа- салғаны қызықтырады. Сол себепті
«менің 
ойымша» 
немесе 
«мен сенемін» 
деген сөздер мен сөз тіркестері қолданылмағаны абзал. 
Сонымен қатар, жазба жұмысында мынадай сөздерді қолданбау қажет: 
«Мен», «Менің», 
«Менікі». 
Оқырман әдетте сілтеме жасал- маған ойды автордың пікірі ретінде қабылдап, 
бағалайды. Бірақ, оны мәтінде ерекшелеп көрсетудің қажеті жоқ. Мысалы: 
«Менің ойымша, 
бұл жақсы жазылған зерттеу жұмысы» 
деп көрсету қажет емес. Оның орнына, 
«Жақсы 
жазылған зерттеу жұмысы» 
деп жазған дұрыс. Оқырманға 
«Сіз» 
немесе 
«сен» 
деген 
сілтеу есімдіктерін қолданбаған дұрыс. Мысалы: «
Сіз 1990 жылдардың басында ҚР 
экономикасының қиын кезеңді бастан кешіргенін білесіз» 
дегеннің орнына 
«1990 жылдары 
ҚР экономикасы қиын кезеңді бастан кешірді» 
деп қолданған жөн.
Шектеулі. 
Академиялық мәтін тақырыпқа байланысты мәселені ғана қамтуы тиіс. 
Тақырыптан ауытқу немесе зерт- теу сұрағынан тыс ақпараттарды беру немесе жазу 
оқырман қы зығушылығының жоғалуы мен жұмыс сапасының төмендеуіне алып келеді. 
Сондықтан, ЖОО-дарында жазба жұмысы ретінде тапсырма берілгенде жұмыс тақырыбы 
мен қамтылатын зерттеу нысанына қарай оқытушы тарапынан көлемі белгіленіп беріледі. 
Белгіленген көлем студент үшін тақырып жөніндегі оның толық мәлімет беріп, артық 
ақпарат жазбауына мүмкіндік береді.
Жауапкершілік. 
Автор қашанда өз жұмысы үшін жауапты. Яғни, мәтіндегі түрлі қателіктер 
мен келтірілген тұжырымдар үшін студенттің өзі ғана жауап бере алады. Сонымен қатар, 
мәтінді жазу барысында плагиаттық жасамау қажет. Біреудің пікіріне немесе сөзін сілтеме 
жасамай қолданғаны үшін жауапкершілікке тартылатынын естен шығармау керек.
Сонымен, академиялық жазылымның ерекшелігі:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет