Негізгі бөлім - негізгі ой мен мәселеге байланысты аргументтер
жинақталған бөлім. Негізгі бөлімде дәлелдер, дәйектер болуы керек,
себебі
идеяны дәлелдемелер мен мысалдар аркылы нақтылайды. Түрлі
статистикалык, мәліметтер мен схемаларды қолданып, тақырып ашылуы
қажет. Көтерілген мәселе айқындалып, оның туу себептері көрсетілуі керек.
Қорытынды бөлімде нақты және айқын тезистер келтіріліп,
проблеманы
шешуде колдануға тұрарлык нақты ұсыныстар келтіріледі. Ұсыныстар өмірде
кездесетін жағдаяттар тұрғысынан келтірілген, накты өмірмен тығыз
байланысты болады.
Ал баяндау тәсіліне келетін болсақ (дедуктивті-жалпыдан жекеге немесе
индуктивті-керісінше), эссенің тақырыбын қандай тәсілмен ашқан жақсы және
қалай баяндау керек екендігін автор ғана анықтай алады.
Бұл аркылы
жұмыстың шығармашылық, өзіндік сипаты анықталады.
Кайта карап шығу дегеніміз - эссе мәтінін сапасы мен нәтижесі тұрғысынан
редакциялау: ойдың айқындығы, түсінікті жазылуы, яғни мағыналық
байланыстың болуы, бірізділігі, сауаттылығы
мен стильдің дұрыстығын
айқындау. Қайта қарау нәтижесінде екінші нұсқаның қажеттілігі туындайды.
Екінші нұсқа бойынша жұмыс өте үлкен бөліктерден басталып, кішкентай
бөліктерге дейін жаласады: абзацтан сөйлемге дейін,
сөйлемдерден сөзге
дейін талданады, сараланады. Бандаудың жатықтығына, ойдың логикалық
сабақтастығына, байланысына назар аудару керек.
Тузету барысында мәтіннің сауаттылығына, сөздердің байланысына, тыныс
белгісіне, стилистикасына жете көңіл бөлінеді.
Мәтіннің шебер өнделуі соңына дейін жалғасады. Мәтінде «жағымсыз»
сөздердің пайда болмауын бақылап отыру артықтық етпейді. Əсіресе,
көпмағыналы сөздерді пайдалану барысында мұқият болу керек: мағыналық
реңкті араластыру түсіндіруді қиындатады.
Сіз өзіңіздің эссеңіздің қандай нәтиже көрсететінін білгіңіз келе ме?Мұны
тексерудің бірнеше жолы бар: мәтінді дауыстап оқу, өз жазғаныңызға
оқырманның көзқарасымен
қарауға тырысу, ең соңында адамдардың пікірін
білу.
Адам әр уақытта өзінің сөзімен құнды екенін естен шығармауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: