Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік



Pdf көрінісі
бет22/48
Дата15.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#122711
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
Байланысты:
6. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

 
Шағын эссе құрылымы
Кіріспе (шамамен 60 сөз) 

Тапсырманы өз сөзімен қайта жазу 

Өз ойын білдіру 

Эссенің мақсаты 
Негізгі бөлім 
1-ші параграф ( шамамен 85) сөз 

Бірінші пікірді білдіру 

Неліктен олай ойлайтының түсіндіру 

Мысал келтіру 

Параграфты қорытындылау 
2-ші парагараф (шамамен 85) сөз 

Бірінші пікірді білдіру 

Неліктен олай ойлайтының түсіндіру 

Мысал келтіру 

Параграфты қорытындылау 
Қорытынды (шамамен 45) сөз 

Эссені қорытындылау 

Соңғы ойын білдіру 
Кіріспе жазғанда кейбір қиыныдықтар туындауы мүмкін. Біріншіден, 
оқырман назарын тартып әкететіндей мүмкіндік екінші рет берілмейді. Жазба 
жұмысының параграфы, автордың тұжырымы мен стилі және жалпы жазу 


мәнері сияқты ерекшеліктер оқырманның қызығушылығын оятуы мүмкін. 
Екіншіден, кіріспедегі жалықтыратын және қажетсіз ақпараттар мәтінді оқуға 
деген қызығушылықтың жоғалуына алып келеді. Ал керісінше тартымды 
ақпаратты ұтымды қолдану мен мәтіннің түсінікті тілі арқылы оқырманның 
қызығушылығын арттыруға болады. Сондықтан кіріспені жазу барынша 
дайындық пен тиянақтылықты талап етеді. 
Кіріспе бөлімде мәтіннің тақырыбы, оның маңызы және тезисі мен 
талқыланатын мәселелердің жоспары жазылады. Сонымен қатар кіріспе тезис 
ретінде қарастырылып отырған тұжырымдардың параграфтарда берілуі мен 
ұйымдастырылуы жөніндегі мәліметтерге қысқаша тоқталып өтуге тиіс. Яғни 
кіріспені оқыған оқырман негізгі бөлімді оқу барысында ешқандай жаңа 
тұжырым немесе ретсіз берілген ақпаратты кездестірмеуі қажет. 
Кіріспеде қамтылуға тиіс негізгі мағлұматтар: 

Зерттеу жұмысының мақсаты; 

Зерттеу сұрағы (кейде әдебиеттерге шолу жасалғаннан кейін берілуі 
мүмкін); 

Тақырыпқа қатысты еңбектерге шолу; 

Негізгі терминдерге шолу жасау және оқырманға түсініксіз терминдерге 
анықтама беру; 

Эссе құрылымына сипаттама беру; 
Кіріспеде автор қарастыратын мәселе туралы мәлімет берумен қатар, 
оқырманның қызығушылығын барынша оятуға тырысуы қажет. Ол үшін 
кіріспені қызық мәліметпен, ерекше сұрақпен немесе мысалмен бастаған 
тиімді.
Кіріспені жазбас бұрын қашанда тақырып бойынша осы кезеңге дейін 
айтылған немесе көтерілген мәселелер жөнінде білген дұрыс. Дегенмен 
кіріспеде тақырып жөнінде білетін жайттың бәрін жіпке тізгендей жазып шығу 
дұрыс 
болмайды. 
Мәселен, 
зерттеу 
жұмысы 
Қазақстанның 
ауылшаруашылығы дамуының экономикалық маңызы туралы болса, студент 
Қазақстан ауылшаруашылығының даму тарихы және кезеңдері мен салалары 
сияқты кең ауқымды мәселені қозғап кетпеуі керек. Зерттеу сұрағына жауап 
беру үшін оның даму тарихына тоқталу қажет болса, оны әдебиеттерге шолу 
бөлімінде жазуға болады.
Сонымен қатар кіріспені жазуда оқырман назарын аудару немесе мәтінді 
оқуға деген қызығушылығын арттыру үшін тақырыпқа қатысты өзге 
авторлардың пікірін беруге, сұрақтар қоюға, статистикалық мәліметтер 
келтіруге, автордың өз басынан өткен оқиға жөнінде қысқаша баяндауына 
болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет