Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік


Эссе жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс



Pdf көрінісі
бет31/48
Дата15.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#122711
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48
Байланысты:
6. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Эссе жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс
талаптар мыналар:

Жеке көзқарастың көрінісі;

Деректі дәйектер (аргументтер);

Теориялық негіздеме;

Терминдерді қолдану;

Дәйексөздерді келтіру;

Əртүрлі көзқарастарды мысалға алу;

Логикалық заңдылықтың сақталынуы;

Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;

Сауаттылық (пунктуациялық, орфографиялық, стильдік). 
Оқырманды сендіру немесе илануға итермелеу - эссе жазудағы басты міндеттердің бірі, 
тіпті жалғыз міндет - осы. Эссе жазу арқылы автор қандай да бір мәселе қозғағысы келеді 
немесе өзі ұсынып отырған шешім дұрыс екендігін көрсеткісі келеді. Бұл жазбаша жұмыс 
өз еркімен істелетін әрекет емес, оқытушының/мұғалімнің берген тапсырмасы болса да, 
эссе жазатын адамның алдында осы міндеттер тұрады, осы міндеттерді басшылыққа алады.
Эссе қорытындысы тақырыбы бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. 
1.
Қорытынды қалай жазылады? 
2.
Қорытындыны жазу неліктен қиындық тудыруы мүмкін? 
3.Қорытынды бөлімнің негізгі қызметі қандай? 
4.
Жазба жұмысында автордың ойын білдірудің соңғы мүмкін дігі дегенді қалай 
түсінесіз? 
5.
Қорытынды бөлімді қалай сәтті жазып шығуға болады?
 

№ 8 дәріс. Аралық бақылау -1 
 


№ 9-10 дәріс. Пікір, конспект, реферат жазу 
Біз жазба жұмысты, әдетте, қандай да бір жағдайға байланысты жазамыз. Оқытушы, 
ғылыми жетекші, бастық жазбаша жұмыс (конспект, реферат, есеп, талдау т.б.) жазуды 
талап етуі мүмкін немесе жазба жұмысын орындау белгілі бір жетістікке жету жолындағы 
(ғылыми жоба, курстық жұмыс, диплом жұмысы, диссертация) сіздің тікелей міндетіңіз 
болуы мүмкін. Кей жағдайда сіздің пікіріңіз (сыни пікір, сараптамалық талдау, рецензия 
т.б.) қоғамдағы, ғылымдағы көзқарастарға әсер ету үшін қажет болуы ғажап емес. Олай 
болса, біз тек өзіміз үшін емес, біздің ой-пікірімізге, тұжырымымызға, хабарламамызға бей-
жай қарамайтын адамдарға да арнап жазамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет