Парақтың жиегі:
• сол жағы - 3 см.;
• оңжағы -1,5 см.;
• төменгі жағы - 2 см.;
• жоғарғы жағы - 2 см. болуы керек.
Мәтін 1,5 интервал арқылы басылады. Егер реферат мәтіні Microsoft Word
редакторында терілсе, Times New Roman шрифтін қолдану ұсынылады. Шрифт мөлшері -
14 пт.
Рефераттың кез келген құрылымдық бөлігі (кіріспе, негізгі белім, бөлімдер, қорытынды)
жаңа беттен басталады. Тарау мен оған дейінгі мәтіннің арасы, сондай-ақтарау мен
параграфтың арасының қашықтығы 1 интервалды құрайды.
Ортаға жазылатын тақырыптан кейін нүкте қойылмайды.
Тақырыптың асты сызылмайды.
Рефераттың титулдық беті рефераттың жалпы бет санына кіреді, бірақ титулдық бетке
нөмір қойылмайды.
Әдебиет тізімі
Əдебиет тізімін құрған кезде жалпыға ортақ қабылданған стандартты ұстану керек.
Əдебиеттер дереккөзі МемСТ 7.1-2003-ке сәйкес ресімделеді. Дереккөздер туралы
мәліметтерді мәтіндердегі сілтеме жасау тәртібіне қарай орналастыру керек және нүкте
қойылмаған араб цифрларымен белгілеп, абзацтық шегініс арқылы жазу керек.
Пайдаланылған дереккездерге жасалған сілтеме төртбұрышты жақшаның ішінде
көрсетіледі.
Рефераттағы әдебиет тізімінің саны - 4-12 болуы керек. Əдебиет тізімінде керсетілген
жұмыстар соңғы 5-10 жылда жарық көрген жаңа жұмыстар болуы қажет. Ескі дереккөздерді
ете қажет болған жағдайда ғана қолдану керек. Библиографиялық жазбалар түпнұсқа
тілінде келтіріледі. Пайдаланылған әдебиеттің авторы, жұмыстың аты, қаласы,
баспасы, жылы, жалпы бет саны көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: