Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Туркі. плді ислам философиясы



Pdf көрінісі
бет123/305
Дата15.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#122800
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Туркі. плді ислам философиясы
141
коғамдағы басым мінез-қүлық, ресми кұрылымдар бөгет болады. Адам жылан 
терісі түлегеніндей өз бойындағы таңылған нэрсенің бәрінен арылуы керек.
феноменалдық Меннің өлуімен объект-субьектіге бөлінбейтін нақты білімге 
ясол ащылады, болмыс бірлігі ақиқаты танылады. Сопыны ақиқат жолына махаб- 
бат пен қиял қозғайтын тебіреніс итермелейді. Қиял сүйген жүректе туындай- 
дьі. Жүрек - құдайшылықтың мекені болуымен қатар бір уақытта мистикалық 
танымның өзіндік бір мүшесі. Сопы символикасында жүрек маңызды орьш 
алады. Ол - Құдай сэулесі жағылатын айна, бірақ ондағы Құдай бейнесін көру 
үпіін бұл айнаны жалтырату керек. Ақиқатты танушы адамның бар күш-жігері 
осьг кылтыратуға, бұдырларды жоюға, яки моральдық жетілуге бағытталған. 
Сопы үшін білім жүректе орнығады, сондықтан сенімдегі білімге тэн, яғни 
сенім, ақиқат таным үшін қажет. Әлем құрылымының мэңгілік құпиясын ра- 
ционалды түсіндіруге болмайды. Оны жан тепе-тендігіне жету жэне күнәлардан 
арылу құралы ретінде тек қана сенім түсіндіре алады. Сенім өзінің объектісіне
абсолюттік болмысына, шексіз махаббатқа негізделгенде ғана құтқарушы бола­
ды. Сопылықтың өзіне тэн айырмашылығы Құдайды сүюдің идеясы толық да- 
мыды. Ал Құранда жэне сүннетте бұл идея дамымады, өйткені онда ең бастысы 
құдіретгі Құдайға бағыну мен көндігу болды. Сопы ақындарының барлығының 
поэмаларының өзегі - Құдайды сүю тақырыбы. Көбінесе Құдай сүйікті, ал ақын 
ғашыққа ұқсатылады. Осьщан гректің философия - «даналықты сүю» сөзінің 
жалғасын көреміз. Әйелдер бейнесінде Құдайдьт меңзеу - ең бір дамыған бағыт. 
Мұның себебі Құдайды тікелей тану мүмкін емес, оньщ орньгада белгілі бір объ­
ект болу керек. Ал эйел құдайшылық ретінде көрінеді. Ер адам әйелді меңзей 
қарайды. Бұл жерде объекті мен субъектінің айырмашылығы көзге ұрарлық. Оны 
меңзеу кезінде эр қырынан көреміз. Егер адам әйел бойынан Құдайды көрсе, 
меңзесе, онда ол пассивті. Өз бойындағы Құдайды меңзеуге ұмтылу белсенділікке 
бағытталған меңзеу, өйткені эйелді еркектен жардгқан. Ал Құдайдан туындайтын 
қалыдтардың көмегінсіз танып енжар жағдайда жету жэне Құдайға делдалсыз бет 
бұру оптималды болып табылады. Бұл жерде сопылық мұсылмандыққа қайшы 
келеді, өйткені адамдарды көтерді, дэріптеді. Мұсьшмандық бойынша Құдайдан 
басқа ешкімді мадақтауға болмайды және ол адамды көтеруге қарсы тұрды.
Сопыльщ Құдайға ұмтылысты жер жүзінің әйелдерінің сүйіспеншілікке 
ұмтылуынан көреміз. Таным процесі масаюға ұқсас, ол экстаз, лэззат күйінде 
ақылдан айырылуға әкеледі. Танымда сопылық түсінудің мэні сүйіспеншілікке 
шақыруға бағытталады. Өйткені тек жеке сезінуде ғана ақиқат ашьшады, 
көрегендік тәжірибесімен ғана пайда болады. Таным жан жэне тэн күштерінің 
ерекше шоғырлана бағытталуын қажет етеді.
Құдай жолын түсіну барлық адамдардың қолынан келе бермейді. Бұл Алла- 
ның қалауымен таңдаулы адамдарға ғана тиісті болады. Бұл діни элитаның 
бөлінуіне, ақиқат, эзотеристік білімді меңгерген адамдар мен қарапайым адам- 
дардың ажыратылуына алып келеді. Эзотеристік пен экзотеристік білімнің бо- 
луы сопыларға діни нанымның жеке басты түсінігін сақтап қалуға мүмкіндік 
береді. Әркім ілімді өзінше түсінеді. Ал ерекше адамдар маңызды ілімді меңге- 
реді. Ақиқатты түсінуді ауызша сөзбен жеткізу мүмкін емес, ол - қүпия. Әркім- 
де өз түсінігі бар, сондықтан да үндемеу қажет, үнсіздік - жоғары даналық




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет