Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
Түркі тілда ислам философиясы 137 те қанатын кең жайып дами бастаған кезі еді. Мүсылмандар үшін аса жауапты
уақыт болатын. Осы шақта елдің бірлігін, халықтың татулығын, адамгершілік пен
имандылықты, Аллаға адалдықты көксеген, соны ту етіп, өз шығармаларына арқау
еткен ақын-шайырлар тобы тарих сахнасына шықты. Олардың ішінде ерекше
талантымен көзге түскендер - хорезмдік Ахмет Иүгінеки, Ахмет Ясауи, Сүлеймен
Бақырғани (Отырар өлкесінен), тағы да басқа көптеген сопылық эдебиет өкіл-
дері болды. Бұлардың арасында асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен, қайы-
рымдылық пен мейірімділікті өмірге арқау етіп, бүкіл түркі жүртын татулыққа,
тазальщқа үндеген, күллі Күншығыс мұсылмандарының қасиетті эулиесі атанған
Құл Қожа Ахмет Хазреті Сұлтан Ясауи еді. Ахмет Ясауи жөнінде ел арасында
көптеген аңыз-әңгімелер тараған. Егер де тарихи деректерге жүгінсек, ақын ежел-
гі қала Исфиджабта (Сайрам) Ибрагим ибн Махмуд деген диханның әулетінде
дүниеге келген. Әйтсе де Ахметтің экесі өте діндар, Құдай жолын ұстанған атақты
шайқылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз ақынньщ 149-хикметін-
де оның шыққан тегі туралы төмендегіше сыр шертеді:
...Исқақ баб жұрыны, шейх Ибраһим құлыны,
Машайықгар ұлығы - шейхьм Ахмед Ясауи.
Иасы оның арасы, жатыр гауһар парасы,
Машайықтар сарасы - шейхым Ахмед Ясауи41.
Демек, Ахметгің тегін Бибі Фатимадан тарататын халық аңызы шындық, олай
болса, Әзірет Сүлтанның он бірінші атасы Ысқақ баб әулие болмақ.
Түркі ғалымы, доктор М. Кепрулу өзінің «Түрк әдебиятында илк
Мутасаввифлар» атты кітабында Ахметтің әкесі Сайрамдағы Хазрет Әлидің Ибр-
һим атты шейх екенін айтады. Осы пікірге орыс зерттеушісі М.Е. Массон да ден
қойғанымен, ол Қожа Ахметті түрік нәсілінен дейді. Сопылық «мистикалық ағым-
ньщ» түркі тілдес тармағының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауидің өмірбаяны
тодық белгілі емес, кейбір деректері ғана жетіп отыр. Ол әлі көп ғылыми зерттеу-
лерді, ізденістерді қажет етеді. ¥л ы бабамыздың туған күні мен жылы белгісіз,
өлген жьшы -1167. Ер жеткен соң Түркістан (ол кезде Ясы деп аталған) шаһарына
келіп тұрады.
Белгілі ғалым Василий Бартольдтың айтуына қараганда Түркістан VI ғасырға
дрйін Ясы деген атпен белгілі. Ал шығыстанушы ғалым Әбсаттар қажы Дербісэлі
қаланьщ эуелде Шауғар деп аталғанын, кейінірек Ясы больш кеткенін айтады. Ах
мет Ясауидің ер жете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын
өз өлендерінде Түркістанға келгені жайлы баяндайды:
Он жетімде Түркістанда гүрдым міне...
Он сегізде Шілменменен шарап іпггім,
Рузы қылды, Жәннәт кезіп қорлар құпггым,
Хақ Мұстафа жүздерін көрдім міне...42
Ата-енесінен ерте айырылган ол атақты түркі шейх Арыстан баб жэне Жүсіп
Хамадани деген шайықтардан тәлім-тәрбие, білім алады. Білімін Бұхарада
41 А хм ет Ясауи. Диуани Хикмет. - Қазан, 1904. - 225-6.
42 А хм ет Ясауи. Диуани Хикмет. - Қазан, 1904. - 26-6.