Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


III тарау. Ортағасырлың философия



Pdf көрінісі
бет127/305
Дата15.11.2023
өлшемі20,78 Mb.
#122800
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

146
III тарау. Ортағасырлың философия
пен 262 мақал-мәтелді мысал ретінде пайдаланған. Бір ғажабы «Диуанға енген 
875 сөз бен 60 мақал-мэтел қазіргі қазақ тілінде қаз-қалпында қолданылып келеді 
екен52.
Мэселен,
Кіші аласы ічтің,
Иылқы аласы таштың.
Адам аласы ішінде,
Жылқы аласы сыртында
немесе
Уры қобса, оғуш алқышұр,
Яғы кәлсә імрэм тәбрәшүр.
Жанжал шықса, ағайын ақылдасар,
Жау келсе, ел тебіренер
немесе
Ула болса йол азмас,
Білік болса сөз йазмәс.
Белгі болса, жолдан жаңылмас, -
Білімді болса, сөзден жаңылмас53.
Міне, көріп отырсыздар, Махмуд Қашқари адамдарды өнер-білімге, әдеп- 
тілікке шақырып, адамгерпіілік, мораль, этика, ұйымшылдық мэселелерін сөз 
етеді. Оның түркі халықтарының бәйіттерінде табиғат сұлулығы, махаббат, көр- 
кемдік, үлкен парасаттылық, білім, батырлық суреттеледі. Мысалы:
Құрмстте, білімдінің сөзін тыңда жігітім,
Үйретіп парасатын, ақга эділ үмітін.
Өмірді білмесең - білімің жоғалар,
Талғамды қашан да - бір сөзді доғарар.
Білімдінің қасына бар күнде балам ерінбей,
Томен тұрып үйрен толық тәкаппар боп көрінбей.
Махаббаттың мейіріне нэзік жаның иеді,
Оның ыстық теңізіне денең балқып күйеді.
Білім деген мәуелі ағаш өз жемісін береді.
¥лым, саған эдепті мирас етіп қалдырамын,
Жағалаған, жайқалған білімдінің бал құрағын.
М. Қашқаридың қайсы бір бәйіттерін алмаңыз, үлкен философиялық-эти- 
калық ой-тұжырым, парасат, табиғат көріністерін, білімділікгі негізгі арқау етіп 
алған. Мұнда ауыз әдебиетінің үлгілері табиғат көріністерін бейнелейтін пейзаж 
лирикасы мен жыл маусымының қауышуына арналған өлең-жырлары көптеп 
кездеседі. Мысалы, біздер оның аңшылық жайындағы өлендерін оқи отырып, 
алғашқы қауым адамдарының еңбек жөніндегі көзқарасын, ой-пікірлерін, сана- 
сезімін, сол кездегі аңшылық дәрежесін байқаймыз. Ерлік жырларында жүрек 
жұтқан батырлықты, қаһармаңдықты ерекше бағалап жырға қосқан.
Қаһарланып атылдым,
Арыстандай ақырдым.
52 Бұл да сонда. - 37-6.
53 Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. - Алматы, 1993. - 37-6.


147
Батырын жерге батырдым,
Енді мені кім ұстар.
Есінен дүпшан ауысты,
Басар жолын тауысты.
Ажалменен кауышты,
Сөзге аузы келместен54, —
деп мұнда батырдың күш-қуаты, соғыс өнеріне жетік екендігі, ерлігі, қан майдан- 
дағы шайқас көріністері жырланады. Сөйтіп, адамдарды, жастарды өз елін, жерін 
қоргауга, батыр болып өсуге шақырады. Мүнда үлкен патриотизм, туған елге деген 
сүйіспеншілік, достық пен махаббат, асқан ерлік көріністері басым көрсетіледі.
«Диуани лұгат ат-түрікте» М. Қашқари тұрмыс-салт жырлары, түркі ха- 
лықтарының фольклоры жанрларының ең көне түрлері жиі кездеседі. Мұнда 
көпшілікке тэн төрт түлік мал туралы, ерте замандағы адамдардың дүниетанымып, 
тұрмыс-тіршілігін, эдст-ғұрпын, салт-санасын, тотемдік түсініктерін танып 
білеміз.
Ежелгі түркілердің наным-сенімінен туған бэдік, бақсылар сарыны, бата- 
тілек, бесік жыры, тойбастар, жар-жар, сыңсу, жоқтау, естірту жэне т.б. жырлар 
қазақ фольклорынан да кең орын алған. Қазақга ауыр қайғылы хабарды естірту 
көбінесе тұспалдаи, жұмбақтап айтылатын болтан. «Диуани лүғат ат-түрік» 
тұрмыс-салт жырларының барлық түрлеріне бай болды»55.
Мәселен, қазақтың жоқтау өлеңдерінде жау оғынан өлген батырларды тірі 
кезіндегі жасаған ерліктері, еліне жасаған жаңалықтары, батырлыгы, ақылдығы 
жырланады. М. Қашқаридың сөздеріндегі осындай жоқтау өлеңдердің бірі - Алып 
Ер Тұлга өлгендс айтылған жоқтау:
Еңіреген ер еді,
Ойы елге төр еді.
Адамның асыл зерегі,
Ажал оны әкетті.
* * *
Өртті қалай өшірген,
Басынан көп іс кешірген,
Шешендік сөзге көсілген,
Қайран ер ерте көз жұмды56, -
деп батырдың көзі тірісіндегі қасиеттерін айта келіп, оны қазаға қимайтынын 
білдіреді. Бірақ тағдыр дәлдеп оқ атса, одан ешкімнің құтыла алмайтынын айтып 
тағдырға мойынсынады. Бұл - Қашқаридың іінкі жан толғанысы. Ол қаһарман 
- батыр, ер азаматтарды қазаға қимайды. Бірақ қанша батыр болса да, жау оғы 
оны алып кетті деп өкінеді. Елі үшін эрі жері үшін жан берген қас батыр Махмұт 
Қашқари өлендері арқылы мэңгілік жасайды. Автор қаза болтан батырлардың 
өмірі онымен тоқтап қалмайтындыгын айтып, соңындагы тірі қалган азаматтарды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет