Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
1 5 6 III тарау. Ортагасырлык, философия армандайтын, «күнэға батқан періштелер». Сондықтан нәрселер «төменнен жо-
ғарыға» бағытталған, үздіксіз өзгерулер мен эволюция жағдайында тұр. Яғни
Аристотель мен Платонның метафизикалық иерархиясының қатгы бекітілген
схемасынан гөрі тұрмыстың өрбуі үнемі қозғалыс үстінде. Ар-Руми философия
тарихында алғаш болып эволюция моселесіне жаңа көзқараспен қараған. Бұл
Дарвиннің механикальщ эволюциясы не мақсатсыз эволюция емес, Бергсонньщ
тұрақсыз «креативті эволюциясы», сонымен қатар барлық дүние үйлесімділікпен,
жоспармен болмыстың эртүрлі деңгейінен өте отырып, мақсаттардың мақсаты
Жаратушыға жақындай түседі. Ар-Руми үшін өмір материядан жаратылған, оньщ
субстанциялық мэні - рухани. «Біршама уақыт бойы менің «Мен» кеңістіктегі
шаңды жұтып, ешқандай еркіндігім болмай, материя өлшеміне түстім. Өсімдік
элеміндегі өмірге жетіп, алдыңғы әлемде жүргізген күрестерімді ұмытып қалдым.
Емшек емген бала секілді анасы тартылғандай, инстинксіз, санасыз өсімдіктер
мен гүлдер өсетін далаға (әсіресе көктем кезінде) ұмтылысымды сезе отырып,
өсімдік әлемінде көргенімді ұмытып, жануар болмысына көштім. Жануар бол-
мысындағы баспалдақпен жоғары көтеріле, менің «Мен» ¥лы Жаратушы өзіне
тартатын адам бодцы. Мен ақылымды жетілдіріп, денсаулығымды піындай отыра
болмыстың бір саласынан екіншісіне көшуімді жалғастыра бердім. Алдымнан
ақылым жеткен деңгейлерден тағы бір жоғарылау үшін мүмкіндік туды, өйтке-
ні қазір қолданыстағы ақылым зияткерлік эволюцияньщ биік шыңы емес. Тіпті,
осы ақылды артта қалдыру керек, себебі бұл өзін-өзі мақтаумен, өзімшіл биоло-
гиялық тұтынушылықпен ластанған. Менің эрі қарай өрлеуім арқасында ақыл
мен сананың мьпщаған түрі кездеседі. Бүл - кереметтің кереметі!».
Қазіргі «Мен» жетілудің барлық деңгейінен өтіп болған, кейін Құдай бол-
мысымен кездесуі ақылмен түсінуге, сезіп білуге болмайтын «ультра-экзистен-
циональды» деңгейде болады. Бұл - уақыт түсінігі аясынан тыс, рухани болмыс.
«Өткен мен болашақты көріп, жан күйінен құтылғанда мэселелердің барлығы өз
ретімен шешіледі деп ойлайсың ба? - дейді ар-Руми».
Өткен мен болашақ адамға қатысты жэне бұл - оның ойлау әрекетінің нәтиже-
сі. Негізінен, бұл жоқ нэрсе: «Сен кеңістікте өмір сүресің, сенің мақсатың кеңістік-
пен ешқандай байланысың жоқ, кеңістіктегі дүкеніңді жауып, рухың анау жақта
болатын жерден дүкен аш. Бұл дүниенің негізі кеңістікпен байланыспайды. Кеңіс-
тік шын мэнісінде кеңістікке жатпайтьш болмыс секілді». Кеңістіктегі заттардың
бөліну бастамасы мен олардьщ көбею қағидатының жайылуында Ғаламньщ бі-
регей рухы өте ұсақ жэне үлкен бөлшектерге «бөліну» кезеңін өткізеді. Біз мұны
«материя» деп атаймыз. Адами «Мен» онтологиялық көзқарасқа ұқсас; эртүрлілік
пен көптүрлілік иллюзиясы материяның иллюзиялық өмірінен туьшдайды. Күн
көптеген терезелер арқылы үйді шуақтандырады, эрбір терезеге сэулесін «сын-
дырады», соған қарамастан күн сәулесінің бір жэне өзгеріссіз мэні бар. Үлкен
ғимаратты жарықтандыратын, үйдегі эр бөлмеден шығатын шырақтың мэні бі-
реу-ақ. Философиялық айтылым артынан мысал келтіретін ар-Руми поэзиясының
бір ерекшелігі: бір философиялық мысалды келтіре отырып, әлемді материалды
танумен логика ережесімен шектелген адамның ақылы «ультра-рационалдылық-
ты» түсіне алмайтынын аңғарып, метафизиканың жогарғы шындықтың ұқсастық
қағидаты бойынша көрінетін материалды-сезімдік элемнен мысал келтіреді. Ке-