Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті


Шағи – жұқа жұмсақ; таза тінді жібек мата. Адам аттары



Pdf көрінісі
бет43/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar

Шағи
жұқа жұмсақ; таза тінді жібек мата.
Адам аттары:
Базаралы Қауменұлы
(1833-1887) – «Абай жолындағы» типтендірілген кейіп
-
керлердің бірі. Бірақ өмірдегі Базаралы мен кейіпкер Базаралының арасында 
айырмашылық бар. Ол өмірде Абаймен жауласып өткен, ал романда ақын
-
ның ең жақын сыйлас, сырлас, мұраттас досы ретінде сомдалған. 
Жазушы елге барып, романға қажетті деректер жинағанда, Базаралы туралы: 
«Дәл Кенесары сықылды, бойшаң, өте сұлу, тентек, қалжыңқой» деп сурет
-
телген. Сөзге шешен, тапқырлығы да айтылған. Романға кейіпкер етіп алы
-
нуына да ел аңыздарының әсері болған 
(Талатбек Әкім).
Барлас
– жазушының кейіпкері. «Абай жолының» 1942, 1948-1949 жылдардағы 
басылымдарында Дулат атанып, 1952 жылдан бастап Барлас есіміне ауыс
-
тырылды, яғни соңғы басылымдарда Барлас болып көрінетін кейіпкердің 
прототипі – Дулат Бабатайұлы. Кеңес дәуірінде зар заман ақындары – Ду
-
лат, Шортанбай, Мұрат есімдерін айтуға, жазуға тыйым салынған, ал жазыла 
қалған жағдайда оларды міндетті түрде сынау талап етілетін. Осы саясаттың 
ықпалынан жазушы Мұхтар Әуезов кейіпкер Дулатты жинақты бейне ретінде 
Барлас деп өзгерткен. 
Дәрмен
– жазушының кейіпкері, өмірде болмаған адам. Жазушының шығарма
-
сына көркемдік шешім үшін қажет болған типтік жиынтық бейне. Бірақ жазу
-
шы Дәрмен үшін Қодардың немересі Қиясбай Көгедайұлы мен Шәкәрімнің 
тағдырын негіз етіп алған. 
Ал «Абай жолының» үшінші және төртінші кітаптарындағы Дәрмен бастан 
кешетін оқиғалар Шәкәрім Құдайбердіұлының тағдырынан алынған. Кеңес 
заманында Шәкәрім туралы айтуға тыйым салынған, сол себепті Дәрмен 
бейнесі тарихи шындыққа негізделген типтік образдардың қатарына жатады 
(Тұрсын Жұртбай).
Ербол Көмекбайұлы 
(1843-1884)
 
– Абай Құнанбайұлының досы, Бөкенші руы
-
нан. Ол сөзге жүйрік, өнерлі, билік істерге де араласқан. Абай екеуі Сүйіндік 
ауылында танысқан, олардың достасуына Тоғжанмен екі арадағы дәнекерлік 
қызметі себеп болған. Олардың достығы өмірлерінің соңына дейін жалғас
-
қан. Тек болыс сайлайтын кез Ербол Оспанды емес, Бөкенші руынан Күнту 
Шоңқаұлын өткізуді ұйымдастырғаны Абайдың жанына қатты батқан 
(Та
-
латбек Әкім).


175


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет