Сурет 9-4. Іш аймағы және алдыңғы
құрсақ
қабырғасына
іш
қуысы
ағзаларының проекциясы (сұлба).
1 – оң жақ қабырғаасты аймағы; 2 –
құрсақ үсті (эпигастральді) аймағы; 3
– сол жақ қабырғаасты аймағы; 4 – оң
жақ бүйір аймағы; 5 – кіндік аймағы;
6 – сол жақ бүйір аймағы; 7 – оң жақ
мықынасты аймағы; 8 – қасағаүсті
аймағы; 9 – сол жақ мықынасты
аймағы
271 тесігінде түрлі өлшемде шығуы;
күшену немесе жөтел кезінде
пайда болады немесе үлкейеді),
жарық сақиналарының өлшемі.
Іш
қуысы
ағзаларының
айтарлықтай ұлғаюы (бауыр,
көкбауыр)
немесе
үлкен
ісіктердің болуы.
Алдыңғы құрсақ қабырғасына іш
қуысы
ағзаларының
проекциясы
(сурет 9-4).
Сол жақ қабырғаасты аймағы:
асқазанның кардиальді бөлігі,
ұйқы безінің құйрығы, көкбауыр,
жиек ішектің сол жақ иілімі, сол
жақ бүйректің жоғарғы полюсі.
Эпигастральді аймақ: асқазан,
он екі елі ішек, ұйқы бездің
денесі, бауырдың сол жақ бөлігі.
Оң жақ қабырғаасты аймағы:
бауырдың оң жақ бөлігі, өт
қапшығы, жиек ішектің оң жақ
иілімі, оң жақ бүйректің жоғарғы
полюсі.
Сол және оң жақ бүйір аймақтары: сәйкес жиек ішектің төмендеген
және жоғарылаған бөліктері, оң және сол жақ бүйректің төменгі
полюстары, жіңішке ішектің ілмектері.
Кіндік аймағы: жіңішке ішек ілмектері, көлденең жиек ішек, он екі
елі ішектің төменгі горизонтальді бөлігі, асқазанның үлкен иіні, ұйқы
бездің басы, бүйрек қақпалары, несеп шығару өзектері.
Сол жақ мықынасты аймағы: сигматәрізді ішек, сол жақ несеп
шығару өзегі.
Қасағаүсті аймағы: жіңішке ішектің иіндері, қуық.
Оң жақ мықынасты аймағы: соқыр ішек, мықын ішектің соңғы
бөлімі, құрттәрізді өсінді, оң жақ несеп шығару өзегі.