Оқулық «гэотар-медиа»


Қарауды күндізгі жарықта қараған жөн, сондай–ақ бүйірден



Pdf көрінісі
бет23/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   315
Байланысты:
Геппе каз

Қарауды күндізгі жарықта қараған жөн, сондай–ақ бүйірден 
түсетін жарықты қолданған жөн. 

Бөлменің ауа температурасы 20-22°С болуы қерек. 

Баланы толық қарау керек. 

Ерте жастағы балалар арнайы құндақтайтын үстел үстінде, 
ересек балалар – кушеткада немесе төсекте, тұрғызып және 
жатқызып қарау керек (сурет 2.1-2.3). 

Ұйықтап жатқан баланы оятудың қажеті жоқ. ЖЖЖ, ТЖ 
санау, іш қуысындағы ағзалардың пальпациясын жасау керек. 

Қарсылық білдерсе ойын тәсілдерін, баланың көңілін 
аударатын сөздерді қолдану керек. 

Мектеп алдына дейінгі балаларды стандартты үлгі бойынша
қарамай, оның көңіл-күйіне байланысты қарау керек. 

Ауыз қуысын және денедің ауырсынатын тұстарын ең соңында 
қарау керек. 


Сурет 2-1. 
Ерте жастағы 
баланы құндақтау
үстелінде жалпы қарауға 
дайындау
35 
Жедел пайда болатын ауруларда токсикоз 
синдромы аңықтаушы болып табылады, ол 
вирустық не бактериальдық инфекцияларда
улануда қаңға токсикалық заттар түсуімен 
негізделеді. Токсикоздың клиникалық көрінісі
ОЖЖ зақымдалу әсерінен баланың мінез-
құлқысының өзгеруімен білінеді. Сонымен 
қатар 
жасушаішілік 
заталмасуының 
бұзылысынан 
туындайтын 
интоксикация 
көріністері басқа жүйелердің функциональдық 
бұзылыстары 
түрінде 
байқалады: 
тыныс, 
қанайналымы, асқорыту (кесте 2-1). 
Ұзақ ағысты және созылмалы аурулар 
кезінде 
науқастың 
жалпы 
жағдайын 
бағалағауда анықтаушы рольді қандайда бір 
ағзалар 
жүйесінің 
функциональды 
бұзылыстарының дәрежесі атқарады (сәйкес 
бөлімдерді қараңыз). 
Науқастың 
субъективті 
сезімін 
көрсететін өзіндік сезімі жалпы жағдайды 
ажырата білу керек; өзіндік сезімі мен жалпы жағдайы сәйкес болуы мүмкін, 
сәйкес болмауы да мүмкін. Сонымен, көптеген шағымдар болған кезде 
науқастың жағдай қанағаттанарлық болуы мүмкін, болмаса керісінше. 
Науқастың жағдайы белсенді, пассивті не мәжбүрлі болуы мүмкін. 

Белсенді жағдай: тыныштықтағы кейпі қажеттілікте не дәрігердің 
сұрауымен жағдайын еркін ауыстыра алады.

Пассивті жағдайы науқастың ессіз жағдайында байқауға болады, сондай-ақ 
өте әлсіз жағдайда. Науқас қозғалыссыз, басы және қол-аяғы салбыраңқы. 

Мәжбүрлі жағдай кейбір паталогиялық жағдайларда (жедел перитонитте, 
айқын жүрек жетімсіздігінде, менингиттерде - 2-4 сурет) байқалады. 
Балалар жеңілдік әкелетін жағдайы қабылдайды. 
Жалпы қарағанда келбетіне, жүрісіне, бет әлпетіне баға беру қажет. Дені 
сау баланың келбеті тік, жүрісі нық, қозғалысы еркін, бет әлпеті тыныш. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет