36
Кесте 2-1.
Жедел пайда болған аурулар
кезіндегі пациенттің жалпы
жағдайын бағалайтын сипат белгілері
Жағдай
Клиникалық сипаттама
Қанағаттанарлық
Айқын
емес
мазасыздық,
әлсіздік.
Дене
температурасы қалыпты не субфебрильді. Тері
жамылғысы бозғылт-қызғылт не сәл гиперемиялы.
Әдетте басқа ағзалар және жүйелердің бұзылысы
байқалмайды не олар әлсіз білінеді.
Орта ауырлықта
Бала әлсіз, қарым-қатынысқа құлықсыз, ұйықылы-
ояу. Дене температурасы 38-39
0
С.
Тері жамылғысы
гиперемиялы не көгілдір реңді бозғылт. Тынысы
жиілеген, тахикардия. Құсуы, іші өтуі, мектеп алдына
дейінгі балаларда - ішінің кебуі мүмкін.
Ауыр
Есінің әр кезеңдегі бұзылыстары байқалады.
Ступор –
науқас айналасын бағдарлай алмайды,
сұраққа кешігіп,
жай жауап береді, бірақ жауабы
дұрыс.
Сопор
- науқастың айналасына реакциясы жоқ,
бірақ сезімталдығы, сонымен
қатар ауырсыну сезімі
сақталады,
сұрақтарға
жауап
бермейді
немесе
біржақты жауап береді.
Кома
- есінен толық
айырылу, белсенді қозғалысы жоқ,
негізгі рефлекстер
төмендейді не жойылады.
Жиі
гипертермия
(дене температурасы 39-40
0
С)
байқалады,
тырысу
болуы
мүмкін.
Микроциркуляторлық бұзылыс айқын, терінің мрамор
тәрізді түрімен көрініс береді, ентігу, тахикардия не
брадиаритмия білінеді.
АҚЖ-і бұзылысы қайталанып
құсу, ішек парезі салдарынан іштің кебуі, диарея
түрінде көрініс береді. Диурез азаяды.
Жалпы қарау кезінде дене құрылысы типін анықтайды.
Астеникалық
типте
дененің ұзындығы көлденеңінен, сирақтары-денесінен, кеуде қуысы –
ішінен айтарлықтай басым. Эпигастралдық бұрыш сүйір.
Гиперстеникалық
тип көлденең өлшемнің басымдығымен сипатталады;
денесі салыстырмалы
ұзын, сирақтары қысқа, іші айтарлықтай көлемді;
эпигастралдық бұрыш
доғал.
Нормостеникалық
тип дене бітімінің пропорционалды болуымен
сипатталады, эпигастральды бұрыш 90
0
-қа тең (2-5 сурет).
Сурет 2-3.
Ересек жастағы
баланы қараудың реттілігі: 1-
басы; 2- мойыны; 3- денесі; 4-аяқ
қолдары; 5-ауыз-жұтқыншақ
(ауыз-жұтқыншақты баланың
жағымсыз реакциясына
байланысты соңғы кезекте
қарайды).
Достарыңызбен бөлісу: